Бас бет » Архив

Өмірбаяны санатындағы жазбалар

Өмірбаяны »

Мен Сыр бойынанмын. Мен 1946-ыншы жылғы апрель айының 3-i күнi №103  разъезде‚ темiржолшының отбасында дүниеге келгенмiн. Содан болса керек‚    қазақтың дағдылы кәсiбi малға қарағанда‚ темiрдiң жай-жапсарын жақсы бiлемiн.    Оның үстіне әкем (бiз оны — аға‚ шешемiздi — апа дейтiнбiз) Әйдiлдә әрi жырау‚ әрi  ұста‚ әрi қолының мiсекерi бар жан-жақты кiсi едi. Оның үстіне атамыз Алдамжар  ескi ақ патша мен Совет кезiнде 25 жыл бойы ел басқарып жүргенде‚ әкем  мұсылманша бiраз жерге дейiн оқыған‚ өте дiндәр кiсi болатын. Ол маған  жастайымнан “Құранның” сүрелерiнен аяттарды жаттатып‚ жатарда …

Өмірбаяны »

Бегілдә Әйділдәұлы Алдамжар
(1946 — 2012)
1946 жылғы 3 сәуірде Қызылорда облысының Қармақшы ауданында туылған. ҚазҰУ-дің филология факультетін бітірген. Мерзімді баспасөзде, «Жазушы» баспасында, Қазақ телеайнасында қызмет істеген. 1976 жылдан бастап еркін шығармашылықпен айналысқан.
Оның алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, 1962 жылдан бастап баспасөзде жарияланған. «Нөсер», «Жыл мезгілдері» «Айлы түндер», «Нұр мен түнек», «Іздедім сені», «Мизам айы» атты өлең жинақтары жарық көрген.
Бегілдә Алдамжар Фирдоусидің «ШаҺнамасын» аударып, жеке кітап етіп шығарды. Ол сонымен қатар Рудаки, Хәййем, Сәәди, Хафиз, М.Салих, Шекспир, Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Блок, Есенин, Твардовский, Евтушенко, Ахмадулина, Рождественский, Зүлфия М.Тұрсынзада, …