Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Сұқтанба қаракөзi Қазалының…

Сұқтанба қаракөзi Қазалының,
балқытты жан дүниямды ғажап үнiң.
Қолыма көңiлiм мен жырымды ұстап,
есiгiн қақтым жастық базарының.
 
Жайым бар сылқым жiгiт атанбаған,
қыздарға сыр айтуға бата алмағам.
Ойым бар келе жатқан бақыт iздеп,
дәм татпай жат жемiстен, жат алмадан.
 
Көзiмнен дидарыңды өшiрмедiм,
ашылған ақ жанымды кешiр менiң.
Аздан соң озбыр қолмен жұлар болсаң,
арманның қызғалдағын өсiрмегiн.
 
Не дер ең, десем егер сүйерiм сен,
құй жалық, қыдырайық, құй ерiнсең.
Кетер ем өмiрiм мен ақ көңiлiмдi,
мәңгiлiк тарту етiп… сүйе бiлсең.
 
19.06.1963

1 764 қаралды