Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Бәрiне дағдыр айыпты…

Бәрiне дағдыр айыпты,
жатырқап жатқа қайрылдың.
Балаға ғана ылайықты,
назыңнан ерке айрылдым.
 
Боларын бұлай кiм бiлген,
қалайша кеттiң салқындап?
Жайраңдап, жайнап жүрдiм мен,
күлдiм мен нұрдай жарқылдап.
 
Өмiрге батыл қарадым,
өзгертпек болдым көп жайды.
Жаныма жақын санадым,
мен үшiн едi сөз — қайғы.
 
Кей күнi жаздым әндер де,
сенi ойлап жүрiп мұңланып.
Сасушы ем өзiң бар жерде,
қараушы ем үнсiз ұрланып.
 
Қарақат көзiң адалса,
қуанып iштей қайтушы ем.
Бөлмемде жынды адамша
саздарды сырлы айтушы ем.
 
Ескермей өткен уақытты,
көңiлiм мың-сан құбылып,
жатушы ем түнде бақытты,
отыңа сырттай жылынып.
 
Жоғалды бәрi сағымдай,
асықтың неге, арайлым?
Жырақта қалған жалындай,
жабырқап саған қараймын.
 
1963

1 854 қаралды