Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Ашумен асқақ көк тiреп…

Ашумен асқақ көк тiреп,
айқайлап сөнсем, жан досым,
бишара болып өттi деп,
қайғырма кейiн, шандозым.
 
Көзiндей қыздың жарқ етсем,
боясам жаудың қанға өзiн,
семсерше сындар жарқ етсем,
қайғырма кейiн, шандозым.
 
Бойымда толы жас жiгер,
жасайтын жырдың нарбозын,
болмасам мұзқас асқын ер,
қайғырма кейiн, шандозым.
 
Қалтыладп ашып мөлшермен,
шагыттың шалқар нәр көзiн,
жампозың боламй сөнсем мен,
қайғырма кейiн, шандозым.
 
1962

1 795 қаралды