Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Домбыра, қайда, домбыра…

Домбыра, қайда, домбыра,
әпершi тездеп, жан ерке.
Шертейiн бiр сыр соңғыға,
бозамық таңға әлi ерте.
 

Келгенше күйдi халiмiз,
тартайық, ұрпақ ой алсын.
Жаңғырып жайсаң жанымыз,
бiр тiлек тылсым оянсын!
 
1962

1 774 қаралды