Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Күндей-ақ жадыратып жанарыңды…

Күндей-ақ жадыратып жанарыңды,
шырқашы, замандасым, тағы әнiңдi.
Айта бер, үзiлер деп қалам қорқып,
сәл шытсаң сырға толы қабағыңды.
 

Үзбешi толқымалы, жайдары әндi,
ән сазы кеуiлiмдi жайлап алды.
Әуенiң жан дүниямды елжiретiп,
күй болып көкiрегiмдi аймалады.
 

Отырмын ән боп толқып әлi ұқпастан,
бұ не күй қиялымды алып қашқан?
…Құрбым-ау, жырлай бершi, шырқай бершi,
Тыңдайын, өмiр бойы жалықпастан.

1961

1 164 қаралды