Қияға күндi қондырып…
Қияға күндi қондырып,
ұйқысы келдi даланың.
Сұстана жерге төндi ымырт,
қарс түйiп алып қабағын.
Болмай-ақ ауыл жайланып,
ышқына соқты жел-көрiк.
Ұстады перде Айға бұлт,
далаға сұрғылт өң берiп.
Түнерген бұлт төктi сел,
алай да дүлей басталды.
Мазақ қылып кеттi жел,
үйiре соғып жас қарды.
1960 жыл, № 100 разъезд