Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Зеңгiрге бойы жетерлiк…

Зеңгiрге бойы жетерлiк,
жапырағы қалың, жаңа, жас,
жағасын Сырдың мекен ғып,
тұратын кәрi қара ағаш.
 
Долданды дария бiр күнi,
толқынмен сабап сынады.
Көрдiң бе жойқын жындыны,—
гүрс етiп ағаш құлады.
 
Жеңгесiн жауын бiр бүктеп,
ойнаққа толқын құлшынды.
“Дәриға, осы тiрлiк!”— деп,
кәриялар  бiр-бiр күрсiнді.
 
1960 жыл

1 149 қаралды