Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Алатын сынды аңсымақ…

Алатын сынды аңсымақ,
қашатын көпек қаңсылап.
Айдап сап қарсы әркiмдi,
сандалма, сұқсыр саршұнақ.
 

Халқымды деген қандала,
туған деп азып әр бала,
деген кiм саған сандала, —
қоятын көп-ау бар сұрақ.
 

Қолданып бабын қызметтiң,
ұмытып iретiн iззеттiң,
руды қойып Жүзге өттiң,
құлағың қатты қайшылап.
 

Әрекет осы бұл қандай,
болар ма жабы тұлпардай,
не болды намыс жыртардай,
тастардай менi жаншып-ақ?
 

Қалыбын қоштап маңғұлдың,
жоқ жерде у-шу, даң қылдың,
басқаға белдi алдырдың,
қарашылсымақ, хәрсымақ.
 

Бәрi де мұның iретсiз,
бәндә етпек мұны бiлексiз,
сойдиып екi күрек тiс,
кiмдердi жүрсiң қамшылап?
 

Сұмдарды жау ғып, сүйрелеп,
кiресiң көпке кимелеп,
бiр ағаң айтқан тиме деп,
жиында саған ұрсып ап.
 

Сен жүрсiң оны тыңдамай,
жөн сөздi бiлмеу — бұл қалай?
Заманның еткен ырбаңы-ай,
сарышұнақ, кәйтсем қу шұнақ?
 

2003 жыл

1 960 қаралды