Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Түбiнде табады деп тайпаласың…

Түбiнде табады деп тайпаласың,
қалайша қобалжымай айта аласың?
Бүгiнге дейiн тапса, қайда қалды ол,
жоқ онда бес бересiм, алты аласым.
Бiр кезде ағайынның арын арлап,
мәңгүрттi деп бiлместен малталасым,
бетiне бедерсiздiң шындықты айтып,
шапшыса, шортандай боп шалқаласын,
сұқсырды сырғытпасыз сынағанда,
деместен дүмшелердi қалталасым,
иманы ‘али емес ымырашылдар
бiлгендей тайрағының тарқамасын
төбеге секiргенде, төзе алмадым,
тез бұрдым тексiздерге балта басын.
Жүргенде не бәйгiге тiгiп басты,
бұ не сөз, дедiң бе әлде әрi қарасын?
Шындықтың қай кезде де жолы қиын,
қажауға бермейдi қу қалқаласын.
Сонда да сардар болып, салдым азу,
деп бiлмей пәдәрсiздi пардаласым.
Қайығы тәуекелдiң қайда апармақ,
бiлмедiм мынау iстiң бар шамасын.
Дұрыс сөз қай кезде де туры болмақ, —
залымдар заманында пәршәласын.
Кейiнгi кемшiлiктi көре бiлер,
ардақтап азаматтың арда басын.
Бүгiнде соны ойламай жүргендер көп,
еске сап сары даланың қандаласын.
Шарқының ұсталары шынын айтпай,
өнердi лайық деген ерге лашын.
Жазығым жақсы болсын дегенiм бе, —
кiсiмiн қорғай алар мен де басын.
Сыншының Толыбай сынды тегi дегдар,
оған да деген талай «сандаласың».
Болғанда баласы айтқан Ғират тұлпар,
жұрт бiлген жампоздардың алдамасын.
Жоқ пайда жабылардан, жайыңды бiл,
қозданба, көп қасыма жан жарасын…
 

2003 жыл

1 835 қаралды