Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Түрi жоқ бұ заманның мүлде оңатын…

Түрi жоқ бұ заманның мүлде оңатын,
құстайсың қиылатын құр қанатың.
Болғасын қайта құру — қайта бұру,
не жөн бар iрiсiнiп ырғалатын?
Халифа бәтуасыз боп былшылдаса,
замана азып-тозып, сұмданатын.
Халифа Харун Рәшид Жағыфар мен
барғанда бұхараға, бiр болатын.
Халқының қамсыз жатқан халiн бiлiп,
көсемнiң көрсететiн шын һалатын.
Бiрi жоқ бүгiнгiнiң ойында осы,
қалдының халi қызық бұлданатын.
Жуаның жықпыл-жықпыл жанабындай
көрсетпей, құртты-ау бiздi, бiр қабатын.
Халыққа қатардағы кiрсе әзәзiл,
жампоз да, жайын бiлмей, жынданатын.
қауымға сылдыр сөзден кiрдi әрекет,
құрығын қолға ұстар ма тұрған әкiм?
Әй, қайдам? Бiр күдiкке толы кеулiм,
ақылдың кенеу көрiп құр тағатын.
қайда екен шын халифа Харун Рәшид,
Жағыфар қайда ертетiн түрлi елатын?
Бегiм-ау, «мың бiр түнге» көп елтiме,
сардардан сияқты емес құн қалатын…
 

1998 жыл

1 916 қаралды