Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Домалап, домалап

Домалап, домалап келедi
даланың жел қуған қаңбағы.
қалды артта төбе, ой белеңi,
мақсаты белгiсiз алдағы.
 
Жынды жел — қаңбақтың құдайы,
тiл қатпай, ырқына көнедi.
Жел әмiр берсе егер, ұдайы
тек қана домалай бередi.
 
Кейбiреу iсiнiң жөнi жоқ,
ойы ауса, тартады жан-жаққа.
өмiрде өзiнше жолы жоқ
ұқсайды ол осынау қаңбаққа.
 
1960 жыл

download themes for free
1 637 қаралды