Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Тағатым әбдән таусылды…

Тағатым әбдән таусылды,
төзбедiм жанды iреуге,
көтерме, дедiм, даусыңды,
жөн айтып жоқтан бiреуге.
 

Ол сонда терге малшынды,
отырды тағлым алам деп…
Көтерме, дедiм, қамшыңды,
бәлеге басың қалар деп.
 

Сонда оның даусы долырды,
қамшысы қатты қарып ап.
Мен жаттым жинап жөнiмдi,
басымды… екi жарып ап.
 

29.03.1982

1 134 қаралды