Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Сұраған жанда жоқ айып…

Сұраған жанда жоқ айып‚
сұрауға сырбаз болайық.
Қалмасын көздiң етi өлiп‚
қалмасын кеуiл тоғайып.
 

Десек те солай бәрiмiз‚
қаталдау жампоз жанымыз.
Әлi бiз неге асқақпыз‚
пасықпыз неге әлi бiз?
 

Құпиясын соның кiм бiлген?
Жүрмiз бе шаппай дүлдүлмен?
Шешуi шатақ сол сырды
шешсем деп әлi жүрмiн мен.
 

22.12.1982

2 037 қаралды