Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Қалайы деп берендi…

Қалайы деп берендi
әлпi-тәлпi сөйлейсiң.
Қыза келе, өлеңдi
бiратола қой, дейсiң.
 

Неге, деймiн iшiмнен,
неге, дейдi қос көзiң.
Қалпың да жоқ түсiнген
екi елi ауыз бос сөзiн.
 

Бiлгенге емен тiлазар,
көп түйгенiм, көргенiм.
Ұқсаң, өлең, проза —
оң қолым мен сол қолым.
 

Олар шаршай қойды ма,
тартар ойдың арбасын, —
мiне қалған мойныма
iлiм дейтiн бар басым.
 

Солар көптеп-көлемдеп
жатыр салып бiр сарай.
Мен жортамын өнер деп,
күштi босқа жұмсамай.
 

Мен де — боксер, шырағым,
тақырыпты — асыл кен
қос қолыммен ұрамын,
ойлап қойып басыммен…
 

22.01.1981

2 036 қаралды