Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Көмейде бiр сөзiм бар iркiп тұрған…

Көмейде бiр сөзiм бар iркiп тұрған,
ол сөзiм бар шыдамды құртып тынған.
Көкемей көк қапысын әнмен ашса,
кеуiлдi неге мұнша жыртық қылған?
 

Тоқтаған жебедеймiн сәл атылмай,
жоп-жорта лақылдаймын дарақыңдай.
Шошимын сол бiр сөздi көпке айтудан
құдды бiр атом бомба жаратындай.
 

Сескенем оны айтпаудан жәнә бiрақ,
айтқанда ол, жұртқа неге болады жат?
Ол шiркiн жас ұрпаққа жағар ма екен,
кiрпияз оны ұғар ма көне құлақ?
 

Жұртыммен жан емес пе ем ортақ қайғым,
нелiктен бiр тиыштық мен таппаймын?
Дүния тоз-тоз болып кетсе дағы,
мен неге iркiлемiн, жалтақтаймын?
 

Жақ ашпай жеткенше әлде тамызыма,
ермеген жөн бе әзәзiл арызына?
Алған соң жұрт таңғалар бомба жасап,
бас бұрған дұрыс па әлде парызыма?
 

Бүгiнде бiлгенiм бе осы барлық?
Бiлгендi айтпағанның несi қарлық?
…Түбiнде мен жұмбақпын жұрт қуанар,
түбiнде мен жұмбақпын… шошынарлық.
 

01.11.1979

1 955 қаралды