Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Жақсы iнiм, тiлмен тасты, тауды жарған…

Жақсы iнiм, тiлмен тасты, тауды жарған,
мықтының мен бе жаңғыз аузын алған?
Бұйра шаш бурыл тарта түскен шақта
жерiген жағдайым бар дау қуардан.
 

Өзiнше сынымның бар себебi:
демеймiн өмiрiм әуре-сарсаң едi,
демеймi сөзi жүрiп тұрған сығай
қинады қырына алып қанша менi.
 

Кiнәм жоқ оның үйте қалатындай,
жәнә дә жоқ жағдайым жағатындай.
Көрушi ем тiл танабы тартылмаса,
қақыратып қара қылды жаратындай.
 

Үнемi iрiлiктiң ұраны деп,
тектiнiң тоқтар жерi, тұрағы деп,
арзанды алушы едiм сын-сықаққа,
түбiнде болады деп бiр әдiлет.
 

Жетпедi соның бәрi жәй жатқанға,
жоқ жағдай бұрынғыша тайрақтауға.
Тiлдедiм туралығын мiнезiмнiң,
сорымды әлгi сығай қайнатқанда.
 

Ол бiр жәйт өткен едi әлдеқашан,
содан соң сорпақбайға көп жанасам.
Көремiн қалатындай қалет басып,
аңсын әр нәстенiң аңламасам.
 

Сезсем де кейде құлқын арамзаның,
айыптапайта алмаймын пара алғанын.
Қолыңнан келсе, деймiн, көтерiл де,
сен дағы сорпақбайға қожаңдағын.
 

Әрине, ада бұдан күллi халық,
дегенмен жөн көрсеткен сұңғылалық.
Жақсы iнiм, бары жақсы оралыңның,
аузыңды сенiң дағы тұрмын алып…
 

28.12.1979

1 832 қаралды