Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Құрдасым айтады ма қылжақ қылып…

Құрдасым айтады ма қылжақ қылып,
бар дейдi мiнезiңде бiржақтылық.
Көзге айтса кемiсiңдi қаймықпастан,
тұрады, шындында, оны кiм жақтырып?
 

Мен де — сол. Бар жағдайым досқа мәлiм,
мен кейде күресем деп қас табамын.
Сондайда тағылатын үш айыптан
жортақтап, мен несiне жасқанамын?
 

Орынсыз, бiрiншi айып, қызба деген,
отыру жөн бе сонда сыздап ерен?
Жалынсыз кеуiл тонын кiм жiбiтер,
мұзкесек пiшiнiңдi бұзбаменен?
 

Ағеден, екiншi айып, аңқылдақтық, —
бiз ненiң сонда қу боп парқын таптық?
Мақұл ма ақтарылып айтарда сөз
сөз соңын тастай салған солқылдақ қып?
 

Сары алтын, үшiншi айып, сабырлылық, —
жортақтау жөн бе сонда әлiң құрып?
Бестi алып, пысықтықпен, бiрдi берсем,
қала ма май iшкендей жаным кiрiп?
 

Ағайын, қоштарым жоқ бәрін мұның, —
қызбамын, мен аңқылдақ, сабырлымын!
Шамасы, жатыр сонда жұқалығым,
шамасы, жатыр сонда қалыңдығым.
 

Ендеше сол келеңсiз қылжақты ұмыт,
деп бiлед парықсыздық — ыржақты жұрт.
Жойылсын кiр сабындай жылмаң мiнез,
жасасын… тас түрпiдей бiржақтылық.
 

1979 жыл

1 517 қаралды