Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Дүнияның торабына сұрау салған…

Дүнияның торабына сұрау салған
қарайсың өр басыма қырау шалған.
О қасқа бұ тiрлiкте не көрмедi,
қыл елi ажырамай бұл аусардан?
 

Ол ылғи айтар ойын дабыра ғып,
мөңкiген, жабысқанда жалына жұрт.
Көрсеткен шу асаулық тарпаңымды
көп жүрдiм тасқа соғып, жарып алып.
 

Кейде боп шоқырақтап шапқанға араз,
кiрмеуге қалмады онда көкпарға лаж.
Тозбас деп темiр топшы арлап ұшты,
ол мүлде соғылмаған жақпарлар аз.
 

Сонда да пәтi қайтпай, дұрыс дескен
бағдармен жолда жортып, ырыс кешкен.
Түсiптi сол сапарда сансыз таңба,
iзi оның сықылды бiр қылыш кескен.
 

Сол менiң, бiлсең, салған соқпақтарым,
сол жолда сор тапқанмын, бақ тапқанмын.
Жыртылған жер таңындай жерi болса,
тырысқам өтектеуге көктеп бәрiн.
 

Биледi бiрақ уақыт — жымысқы жау,
кеуiлге ой шаптырып бiр ұштылау,
жас шақтың қара орманын жағадан ап,
шашыма себе сапты күмiс қырау.
 

Бұ не өзi? Әлде кеуiл күйiгi ме?
Қар жатар жетем бе шың биiгiне?
Ақылға аусарлықты айырбастап,
күй тартам қарап ендi иiнiме…
 

1979 жыл

1 336 қаралды