Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Тартқан едi оң көзiм…

Тартқан едi оң көзiм‚ —
келiп шаттық туар күн‚
келiп кердең кербеiзм‚
жас балаша қуандым.
 

Тартқан едi сол көзiм‚ —
кетiп бастан бұла күн‚
кетiп кердең кербезiм‚
жас балаша жыладым.
 

Кәйтем сосын шошымай?
Тұрғызып та құлатып‚
келедi өмiр осылай
қуантып‚ бiр жылатып.
 

22.07.1968

1 758 қаралды