Бас бет » Мақалалары

Әдеби қауымға ашық хат

Сонымен, Қазақстан Жазушылар одағының кезектi қҰрылтайының өтетiн мезгiлi жақындап та қалды.Әлдеқандай асығыстықпен болғалы жатқан бҰл жиында бiр кездерi Сталиннiң шығарымпаз зиялы қауымды ауыздықтап, Сәбет идеологиясының қолшақпары ету  ниетiмен қҰрылған Одағымызды жаңа заманға лайықтап, тұбегейлi тұрде өзгертiп, қайтадан қҰрудың еш нышаны бiлiнбейдi. Мен Одақтың ескi мұшесi ретiнде, кезiнде “Одақ па, қоғам ба?” деген мақала жазып, марқҰм Қ.Найманбаевқа өз Ұсынысымды айтқан едiм, бiрақ ол аяқсыз қалды. Ол Ұсынысты 1996-ыншы жылы жаңадан сайланған төрағаға да жасағанмын. БҰған оның да қҰлқы болмады. Ендi аттай 11 жыл өткеннен кейiн Одақ басшылығының не мақсатты көздегенi анық көрiнiп отыр. Сол сәбәбты болар, кәзiр әдәби ортада өсек-аяң, бәтуасыз сөз көп. Жақында ғана Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы “ЛГК — литературная газета Казахстана” газетiне берген сҰхбатында (15.05.2007 ж.): “…разделение крупной писательской организации на несколько (?) объединений была сделана и у нас. Некоторые литераторы хотели создать Союз писателей города Алматы, который до сих пор юридически не оформлен… Итог раздробленности (?) — междоусобная война…(?)” — деп, сол ескi ұлгiдегi Одақты сақтап қалған кiсi боп көрiнуге тырысып, адам таңғаларлық пiкiр айтыпты. Билiктен айрылып қалам ба деп қорқа соқтап отырған төрағаның бҰл сөзiнде жаңсақ, ұстiрт айтылған, бҰрмаланған, өңi өзгертiлген тҰстар жетерлiк. Бiрiншiден, Жазушылар одағын бiрнеше Ұйымға бөлiп, бөлшектеуге тырысып жұрген ешкiм де жоқ. Алматы қаласында тҰратын жазушылардың Ұйымын қҰрсақ па деген ынталы топтың алғашқы бас қосуында Қазақстан Жазушылар Одағын Астанаға көшiру, ол көше қалған жағдайда, осы  республикалық Одаққа қарайтын Алматы қаласы жазушыларының Ұйымын(!) қҰру, ол Ұйымның өз баспасөз органдарын ашу мәселесi ғана сөз болды. БҰл соншалықты өрескел нәрсе ме? Мәселен, Кеңес заманының өзiнде Мәскеу, Ленинград жазушыларының Ұйымдары, олардың “Москва”, “Нева” тәрiздi әдеби журналдары болған едi ғой? Ендi осы тәжiрибенi бiзде қолданса, одан қазақ жазушыларына келетiн не зиян бар? Қайта жҰмыс орны, әдеби шығарманы басатын баспасөз көбей ме? Екiншiден, өткен жылдары жазушылармен кездескен бiр жиналыста Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Жазушылар одағымен қатар, басқа да қоғами Ұйымдарды Астанаға көшiремiз деп ашық айтқан болатын. Осы Ұсынысты жазушылар қолдап жатса, оның несi ерсi? үшiншiден, сол жиналыста сөйлеген сөзiмде мен Алматы қаласында тҰратын жазушылардың бастарын қосқан Ұйымның: Дербес одақ емес, бiрегей Жазушылар одағына қарайтын Ұйым болғаны дҰрыс”,— дегенмiн. Осы жөнiнде 2005 жылы қала әкiмi И.Тасмағамбетовке жазған хатымда да айтқанмын. Мiне, осыны Жазушылар Одағының қызметкерлерi, кейбiр баспасөз, электронды ақпарат қҰралдарының өкiлдерi терiс бҰрмалап жiбердi. Төртiншiден,  ынталы топтың басшылары Т.Медетбеков пен Б.Қойшыбаевтар кезiнде Жазушылар одағында қызмет iстеген, төрағамен әлденеге келiсе алмай, жҰмыстан кеткендер едi. Ендi олардың Жазушылар одағына қарасты Ұйым қҰрамыз демей, онымен бәсекеге тұсетiн одақ қҰрамыз деп жарияға жар салғандары әдәби қауымға мұлдем терiс әсәр еттi. Бесiншiден, осы жиналысқа көптiң бiрi ретiнде шақырылған менiң ынталы топты Ұйымдастырушыларға ешқандай да қатысым жоқ. Шақырған соң бардым, жиналыста сөйлеп, өз пiкiрiмдi бiлдiрдiм. Одан кейiн не болып, не қойып жатқанынан бихабармын. Алтыншыдан, төрағаның: “междоусобная война” дегенi не сөз? Кәзiр бiзде соғысып, қырық пышақ боп қырылысып жатқан жатқан кiмдер бар? Әдәби ортада әр тұрлi әдәби пiкiрдiң болуы  соғысқандық па? Әлдә бәрiмiз әскәри тәртiппен төрағаның бҰйрығын қҰлақ қақпай тыңдауға тиiспiз бе? Шындығына келгенде, 20-сыншы ғасырдағы орыс әдәбиятында ең қомақты дұниялар әр тұрлi әдәби топ, Ұйым, секциялар жҰмыс iстеген 1934-iншi жылға дейiн жасалынған жоқ па? Кәзiр И.В.Сталин Сәбет жазушыларын басты идеологияның  қолшоқпарлары еткеннен кейiнгi жағдай белгiлi емес пе? Басқасын қойғанда, қазақ жазушыларының арасында басқаша ойлайтын, басқаша жазуға тырысатын фракция, топ, ұйiрме, Ұйым қҰру деген болған да жоқ қой. Ол кәзiрде де жоқ. МҰның өзi бiздiң бiр келкi ойлайтынымызды көрсетпей ме? Ал бҰл шынайы шығарымпаздыққа мұлдем жат нәрсе емес пе? Ендеше төрағаның бiздi бiркелкiлiкке, бiр стандартқа бағындыруға тырысуы, жоғарыдағыдай сөздi жауапсыздықпен айта салуы салиқалылыққа жата қояр ма екен? Жетiншiден, төраға екi сөзiнiң бiрiнде ауызбiршiлiк туралы айтады. Оған ешкiм де қарсы емес. Бiрақ елдiң аузы бiр болуы ұшiн, ең алдымен, әдiлдеттiлiк керек қой. Ал ол бiзде жетiспей жатыр. Төраға өз маңайына өзiн мадақтайтын, қолпаштайтын аз ғана топты жинап алып отырса, қандай ауызбiршiлiктiң болуы мұмкiн? Сегiзiншiден, менiң таңғалатыным нәрсем сол, Одақ жарғысының ережелерiн бҰзып, әр тұрлi сылтаумен қҰрылтай жиналысын уақытында шақырмай, 3 жылдан астам уақыт бойы заңсыз отырған төраға көпшiлiкке не деп уәж айта алады? БҰл, ең алдымен, Одақтың сайлауға да, сайлануға да мұмкiндiгi бар мұшелерiнiң хақтары мен әдәби қауымды сыйламау емес пе?  Тоғызыншыдан, Одақтың бұгiндерi 3 жыл бойы заңсыз отырған басшылығының алда тҰрған қҰрылтайды ашуына да, өткiзуiне де ешқандай да хақысы жоқ. Олар баяғыда тарап кеткен боп есептелiнуге тиiс. Өкiнiшке орай, қоғами Ұйым — Одақтың  мұшелерi өз хақтарын онша жақсы бiле бермейдi. Олар жоғарғы жаққа алаңдайтын ескi әдетiнен әлге дейiн арыла алмай отыр. Оныншыдан, бiз қоғами Ұйым болғандықтан, өз басшымызды өзiмiз көпшiлiк дауыспен сайлауға да, оны орнынан алуға да ерiктiмiз. Оған Одаққа қазынадан соқыр тиын да бермейтiн ұкiметтiң ықпал етуiне де, iшкi iсiмiзге қол сҰғуына да еш хақысы жоқ. Мiне, осы ереженi ескермей, “төрағаның кiм болатыны бiр адамға ғана байланысты” деп алдын ала байбалам салып жұргендердiң ауазасына ере берсек, Одақ қоғами Ұйым болудан қалып, ұкiметтiң сойылын соғатын әлдеқандай “ресми” мекемеге айналады да кетедi. Он бiрiншiден, осы қҰрылтайда жарғыға өзгертулер жасап, төрағаны екi реттен артық сайламайтындай (4 жылдан 2 рет — 8 жыл!) ететiн бiр тармақ енгiзу қажет. Оған қоса, төрағаны әр тұрлi айламен қҰрастырылған басқарама мұшелерi емес, Одақтың қатардағы мұшелерi жалпы жиналыста ашық дауыспен сайлауға тиiс. Егерде осыған бәтуәласатын болсақ, онда бұгiнгi төрағаның басшылық жасайтын заңды уақыты баяғыда өткен боп есептеледi. Он екiншiден, Сәбет заманында, әлдеқандай есеппен, Одақтың төрағасының жеке билеуiне жол берiп, еркiн ойлайтын жазушылардың ауыздарына қақпақ қою ұшiн президиум таратылған едi. Ендi соны қайтадан қалпына келтiрiп, оған төрағаның орнында қалу, қалмауы жайын жалпы жиналысқа Ұсына алатын хақ берген дҰрыс. Онсыз бiз баяғы қолында билiгi мен пҰлы бар жеке кiсiге табынудың тақсiретiнен арыла алмаймыз.

Өкiнiшке орай, бұгiнгi таңда жоғарыдағы тармақтарда келтiрiлген мәсәләлардың денi өрескел тұрде бҰзылып, бҰрмаланып отыр. Оның бiр көрiнiсi ынталы топтың өткiзген жиналысы жөнiнде айтылып жұрген алыпқашты, Ұшқары, бiржақты терiс пiкiрлер дер едiм.

Сонымен, “жедел тұрде өткен” жиналыстың ақыры немен тынды? Ынталы топқа басшы болған қаламдастарымыз, баяғы бiзге дейiн болған, шамасы бiзден кейiн де бола беретiн дағдымен, қара өткелге бiр отар қойды бастап баратын аймұйiздi ор текеше кенеттен алған беттерiнен жалт етiп  тайқып шыға келдi де, жиналысқа шақырумен барып, өз пiкiрлерiн айтқан їәмкәсiптерiн садағаға шала салды. Оларды ендi төраға кеп iрейдi! БҰдан кейiн ештеменiң байыбына бармастан қатардағы мұшелерiне қамшы ұйiрген төрағаға деген қандай қҰрметтiң болуы мұмкiн?

Өкiнiшке орай, бҰл жерде төрағаның iшкi есебi тұгел. Ол Одақ мұшелерiнiң бойкұйездiгiн, ала ауыздығын, белсендi еместiгiн пайдаланып, дереу премьер-министр К.Мәсимовке жетiп барып, “штаттан тыс кеңесшi” бола қалды! Ол жөнiнде дереу жиналыс шақырып, “Одақты пҰлға қарық қылам” деп, “әдәби шоу” өткiздi. Оған аңқау қаламдастарымыз дуылдата қол соқты. Осы шудың ұстiнде олар бiр сәтке болса да төрағаны Одақтың жарғысын бҰзып, өзiн өзi ұшiншi рет “сайлап”, заңсыз тұрде 3 жыл отыр ғой деп ойлап та көрген емес.

Мен ендi әдеби қуымның назарын мынадай мәселелерге аударғанды жөн көрiп отырмын:

  • Кеңес заманында Жазушылар одағының пәленбай гектар келетiн алма бағы, ұй-жай салуға берiлген жерi болушы едi. Кәзiр олар қайда?
  • Одақтың ұш базары бар болатын. Бұгiндерi олар кiмнiң жекеменшiгiне өтiп кетттi?
  • үкiмет Шығармашылық ұйдi кұрделi жөндеуден өткiзу ұшiн кезiнде Одаққа қыруар қаржы бөлген-дi. Сол ұй жөнделiп болғаннан кейiн,  әлдеқандай қалталылардың қонақұйiне айналып кеттi. Одан тұсiп жатқан қаржы қайда?
  • Шығармашылық ұйдiң жанындағы кең жердi әлдекiмдер сарай салмақшы боп, биiк дуалмен қоршап қойыпты. Олар кiмдер? Жер сатылды ма? Сатылса,— кiмге?
  • Одақтың кең сарайдай ұйiнiң жартысынан астамы жалға берiлiп отыр. Одан тұсiп жатқан қаржы қайда жҰмсалып жатыр?
  • Жазушылар одағында Президенттiң жолдаулары, әдеби хал-ахуалымыз, әдеби процесс, “Мәдени мҰра” бағдарламасы бойынша шығып жатқан кiтаптар, мемлекеттiң тiлi, әлiппенi өзгерту т.б. жайында жиналыс өтiп көрдi ме? Ау, Одақ кәдiмгi “Жыл қорытындысының” өзiн дҰрыстап өткiзе алмай отырған жоқ па?
  • Төрағаның соңғы кездерi “Отан” партиясының шылауына жармасып, баяғы “бесжылдықтардың” солақай ұрдiсiмен, “әдебиеттi мал шаруашылығы сықылды өркендетемiз” деп жарияға жар салып жұруi бiр кездегi “соцреализмдi” ту қып көтерген, көркемделген әдебиеттi ресми идеологияның қҰлақкестi қҰлы еткен кер заманды еске тұсiрмей ме?
  • Төраға өзiнiң жазушылардың бастарын бiр шаңырақтың астына бiрiктiре алмай отырғандығын жасыру ұшiн әр жылдың аяғына таман: “Ойбай, “ЖҰлдыз”, “Қазақ әдебиетi”, “Просторды” әлдекiмдер жекеменшiгiне алғалы жатыр! Оларды Одаққа қайтару керек!” — деп, даңғаза айғай-шу шығаруды әдетке айналдырып алды. Ал мәселенiң шындығына келгенде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N528 тапсырмасына сәйкес ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекет мұлкi және приватизация жөнiндегi комитетiнiң 1999 жылғы 21 мамырдағы N28 қосымша бҰйрығы бойынша “Қазақ газеттерi” ЖАҚ-ы қҰрылған болатын. Оның қҰрамына енген “Ана тiлi”, “Қазақ әдебиетi”, “ЖҰлдыз”, “Простор”, “Ақиқат”, “µйғыр авази”, “Мысль” және де басқа газет-жорналдар мемлекеттiң меншiгiне қараған-ды. Оларды кiмге берем десе де, ұкiмет бiледi. Әгәр дә қаржысы болып жатса, Одақ неге ұш басылымның акцияларын мемлекеттен сатып алмайды?

Өкiнiшке орай, осындай уәждердi ескермейтiн төраға әлге дейiн өнiмсiз даудың соңында жұр. Оның ыңғайына жығылғыш, “кұлшелi бала сұймекке жақсы” дегенге қҰлай қалатын әдеби қауым да Одақ басшылығының жiберiп отырған әлгiндей iрi-iрi кемшiлiктерi жайында жҰмған ауыздарын ашпайды.

БҰдан тыс,  соңғы кездерi бiздiң жазушыларымыз төрағаның Одақтың қатардағы қарапайым мұшесi ғана екендiгiн, оны басшылыққа өзiмiздiң сайлағанымызды Ұмытып кетiп, “культ” жасауға тырысып, өтiрiк мадақтап, қолпаштауға, “онсыз кұнiмiз батпайды, таңымыз атпайдыға” көшiп те ұлгердi. Оларға қой деп жатқан басшылық жоқ. Соның салдарынан, соңғы жылдары Жазушылар одағында қаламгерлердi облысына, жұзiне, тайпасына, руына қарай бөлу, алалау, шетқақпай ету ұйреншiктi нәрсе боп алды. БҰл жерде әдеби топ қҰрып, Одақты жекедара билеуге Ұмтылып, қайтадан төраға боп сайлануға битiн салып жұрген, демократия мен сөз бостандығының шарттарын белiнен басып отырған, басқа ешкiм де емес, төрағаның өзi!  МҰны ол “ЛГК — литературная газета Казахстана” газетiне берген сҰхбатында: Скажу прямо, в ХХ веке Союз писателей былимперией в империи, — деп, ашық мойындап, сол “империя iшiндегi империяны” “қалай сақтап” қалғанына, яғни басқаша ойлайтын “ересьтердi” қалай “қҰртқанына”, аса  мақтанатынын жасырмайды. Ол осыдан бҰрын бiр жиналыста “әдебиеттiң жауларын қалай жеңгендiгi” жөнiнде “Маяковскийшiлеп” “бар даусымен” жар салған-ды. БҰдан кейiн әдәби тiршiлiгiмiз туралы осындай “жеңу-жеңiлу” дәрежесiнде ғана ойлайтын кiсi жөнiнде не деуге болады?

Рас, әдiлiн айту керек, төраға базар саудасына жаппай көшiп жатқан заманда Одақтың бiр кездерi ±.Мұсiрепов алып берген әсем ғимаратын, шығармашылық ұйдi сақтап қалуға, жазушылардың бастарын бiрiктiруге  бiраз тер төктi. Бiрақ Жазушылар Одағы марқҰм Қ.Найманбаевтың басшылығы тҰсында-ақ сыртқа тебiлген, Сәбет заманында өз органы боп келген “Қазақ әдебиетi”, “ЖҰлдыз”, “Простордан” айрылып қалды. Ол аздай, неге екенi белгiсiз, Әдәби қор жабылды. Мiне, осындай мәсәләларды дер кезiнде шешудi ойластырудың орнына тоқмейiлсу, өзiн өзi насихаттау, өзiн өзгелерге мадақтату, жарғының ережелерiн өрескел тұрде бҰзып, қалайда тақта отыра берудi көздеу, жеке билiкке Ұмтылу, өзiне қарсы болғандарды қызметтен аластау, “жиналыс-спектакльдер” өткiзу, Президент пен мемлекеттiң көмекақысын жасырын тұрде өз жақтастарына ғана беру, әр тұрлi “әдәби сауда” жасау, қол жинау т.б. сияқты қолайсыз әрекеттер белең алды. Бiз кәзiр соның зардабын барынша тартып отырмыз. Ынталы топтың жақында өткiзген жиналысының екiншi бiр жағы дәл осыған байланысты. БҰған көз жҰма қарауға әсте болмайды.

Осы орайда тағы да ашық айтарым, 3 жыл бойы заңсыз отырған, шын мәнiнде, ұшiншi ретсайланғанбоп есептелетiн төрағаны қайтадан атқа мiнгiзудеш ретi жоқ. Оның есесiне жарғыға төрағаны екi реттен артық сайламайтындай етiп өзгерту енгiзiп, қауымымыздың басшылығына өз өңешiн емес, жалпы жазушылардың ахуалын ойлайтын, әдеби процесстiң жай-кұйi жайында өз пiкiрi, өз тҰжырымы бар, бұткiл халқымыздың қамын жейтiн, ешкiмге бҰра тартпайтын, маңайына жағымпаз жандайшаптарды жинамайтын, жазушыларды алаламай, олардың бастарын бiр шаңырақтың астына бiрiктiре алатындай салиқалы да салдарлы саясаты мен ақылы жетерлiк бiр қаламдасымызды сайлағанымыз жөн. БҰл бiр. Екiншi айтарым, ешқандай топқа да, тобырға да қосылып көрмеген, ендi пайғамбар жасына жақындап қалған уақытта ешкiмге де қосылмайтын өз басымның жоғарыдағы жиналысты Ұйымдастырушы ынталы топқа да, оның “ортекелерi” Т.Медетбеков пен Б.Қойшыбаевқа да ешқандай қарымқатынасымның жоқтығын, баржоғы Ата Заңымыздағы өз хақымды пайдаланып, қаламдастарым шақырған соң, жиналысқа барғанымды, өзiм 40 жылдан астам мұше боп келген Жазушылар Одағын бөлу, бөлшектеу, ыдырату жайлы оңаза ойдың басыма кiрiп те көрмегендiгiн, ол жөнiнде ештеме де айтпағанымды, Одақтың жҰмысы жақсара тұсiп, әдебиетiмiз көркейе берсе екен деген пiкiрде ғана екендiгiмдi, бiр замандары ҚазМУУде оқыған кездегi курстасым төрағаға жеке басымның наразылығының жоқ екендiгiн, баржоғы оның өлеңдерi туралы маман әдәбиятшы ретiнде сын пiкiр бiлдiргенiмдi, әлi де сол пiкiрде екендiгiмдi әдәби қауым алдында ашық тұрде мәлiмдеймiн. 

Сонымен қатар, мен әлi де болса Қазақстан Жазушылар одағын елiмiздiң жаңа орталығы Астана қаласына көшiрiп, Алматы қаласында тҰратын жазушылардың Одаққа тiкелей қарайтын бөлiмшесi ретiндегi Ұйымын қҰрып, оның жорналы мен газетiн ашу керек деген пiкiрдемiн. БҰл Ұсынысты қолдау, қолдамау — қаламдастарымыздың өз ықтиярлары. Қандай жағдайда да, әсiресе, демократия мен плюрализм, ар-ұждан мен сөз бостандығы  салтанат қҰрып тҰрған мына заманда менiң көкейiмде жұрген өз пiкiрiмдi әдеби қауым алдында ашық айтып, оны талқыға салуға толық хақым бар деп есептеймiн. МҰны жау жоқ жерде жау iздейтiн кейбiреулер қҰсап, қасақана бұрмалаудың еш ретi жоқ.

Одан да, көп сөздi доғарып, бiр бiрiмiздiң астымызға өтiрiк көпшiк қоя бермей, илеуi жетiспеген  боз балшықтан қолдан жасалған болымсыз балбалды Ұлықтамай, хас тҰлпарды тҰғжым деп тҰқыртпай, мақтаса,— сын бар, сынаса,— сын жоқ дейтiн ескi байбаламды Ұмытып, ақиқи әдәби тiрлiгiмiзге мұмкiндiгiнше тура қарап, тура сөз айтуға тырысып, кейiнгi Ұрпаққа рухани мҰра боп қалатын, бұгiнiмiз бен өткенiмiз жайлы шындықты айқара ашып, жерiне жеткiзе көркемдей бiлген, әлем халықтары әдәбиятында баршылық iрi дұниялармен иық теңестiре алатындай жәуїарлары жетерлiк ұлкен әдәбият жасаудың қамын жейiк, ағайын!

1 508 қаралды