Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Баламын. Мен болыппын бiлiп кiмдi…

Баламын. Мен болыппын бiлiп кiмдi?
Шындықты қиялшылдық ұмыттырды.
Қарап ем, қарашығың ортасында
кiшкене менiң бейнем күлiп тұрды.
 
Ол қалай барған соған көшiрiлiп?
Дедiң бе қандай өзi осы жiгiт?
Артынша кiрпiгiңдi қаққаныңда,
жаңағы сурет кеттi өшiрiлiп.
 
Бұл шындық. Әуейiнiң несi дерсiң,
суретiн талайлардың өшiрерсiң.
Алдарсың әлi жұртты, аққұба қыз….
Мен саған сөз айта алман. Кешiрерсiң…
 
1963, ауыл

1 292 қаралды