Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Қиялымды пойыз ала жөнелдi…

Қиялымды пойыз ала жөнелдi,
қалды достар шырқай айтып өлеңдi.
Қала бердi-ау ждала қыздай жасанып,
қала бердi-ау бота көздер жас алып.
 
Кетiп барам жолға жырақ аттаныып,
сыр шертпедiм кеуде кенiн ақтарып.
Тұр алдымда жалынынша сөздердiң
ұшқындары қалған бота көздердiң.
 
Алып ұшты дүрсiлдеген дөңгелек,
тартып барам бiр қыяға өрмелеп.
Айтылмады-ау сол бiр жанға жан сырым,
сезiлмедi сыры мөлдiр тамшының.
 
Келем жолда жаман оймен келiспей,
ырым қылам, күбiрлеймiн мен iштей.
Тiрлiк осы бетi жабық ұрадай,
бота көздер, жүрiңдершi жыламай…
 
1963 жыл

1 767 қаралды