Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Қабағың талай қызық сыр ұқтырды…

Қабағың талай қызық сыр ұқтырды,
дүнияны сыңғыр күлкiң ұмыттырды.
Ботадай жаутаңдаған жанарыңда
кiшкене менiң бейнем күлiп тұрды.
 
Кетпедi сол бiр күлкi реңiңнен,
сияқты жаныңа бiр гүл егiлген.
Сол сәтте… сол бейнемдi көзiңде де,
өшпе, деп, жаныңда да, тiледiм мен…
 
1963 жыл

976 қаралды