Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Бұрын жолды көрмеп едiм, — ұғындым…

Бұрын жолды көрмеп едiм, — ұғындым,
“Байқа, алдың ор”, — деп едiң, — бұрылдым.
Аттап қырдың өр, белеңiн жүгiрдiм,
“Байқа, мерт боп өлме”, — дедiң, — бұрылдым.
Ендi ақыры ұғынудан құбылдың,
барлық сырды ұғынудан түңiлдiм.
Мен шаршадым сiлтеуменен бұрылып,
бұрылмасақ, қаламыз ба қырылып?
Неге бiздер жүрмеске ендi жүгiрiп,
кiм кедергi жүруiме қыдырып?
Неге салмақ сен боласың ноқтаңды,
саған ерер нартайлағың жоқ мәңгi!
Өз бетiнше кетедi ендi бұйрабас,
ол да жiгiт, езден айылын жинамас.
Ол тұрмайды жүргiншiнiң қолында.
Мен мына бiр тараң, тайғақ жолымда
қайғы тапсам,— өткердi де мазақты,
бәйгi тапсам,— көп көрдi де азапты.
Бұ нағылған ғажап-ты?!
 
13.12.1963

972 қаралды