Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Мен мұнда, сен қиырда…

Мен мұнда, сен қиырда,
кездесу соқпақ қиынға.
Зауласын жылдар — дүлейлер,
жолығар сәттi тiлей бер.
 
Жаным-ау, кетер қатқан мұз,
шығармыз болашақтан бiз.
Шуласын мейлi дүлейлер,—
жолығар сәттi тiлей бер.
 
Махаббат — қызыл қызғалдақ,
өсiрген дағдыр қызға арнап.
Толастар бiр күн дүлейлер, —
жолығар сәттi тiлей бер.
 
Пәк сезiм — сыршыл ноталар,
қаласаң, оның отын ал.
Шуласын, мейлi, дүлейлер,—
жолығар сәттi тiлей бер.
 
Жыл бiлер заулап өтерiн,
табысар бiр күн екi ерiн.
Зауласын жылдар — дүлейлер,
жолығар сәттi тiлей бер.
 
20.06.1963

2 151 қаралды