Бас бет » Архив

Романдары санатындағы жазбалар

Романдары »

Бегілдә Алдамжар
 ҰЛЫ СЕЛ
 Төрт кітапты рәуәййат-роман
Бірінші кітабы
Бірінші дәптер
— Ойбай, құрыдық!
Қуаңдарияның шыбын-шiркейi аз, қамысы жоқ жайпауыт жағасында отырған ауыл кiсiлерi шошынып, үйлерiнен атып-атып шықты. Жаманшылықты көп көрiп, зәрелерi ұшып, запы боп қалған үлкендер жағы әлден тiксiнiп, астындағы атын басқа-көзге қарамай сабалап, қақпа шекпенiнiң шалғайы далпылдап шауып келе жатқан кiсiге абыржи қарады.

1 томын оқу үшін шертіңіз!
 
Бегілдә Алдамжар
 ҰЛЫ СЕЛ
 Төрт кітапты рәуәййат-роман
 Екінші кітабы
  Бірінші дәптер
1
Биыл Сыр бойында сары күз ұзақ айналатын сыңай көрсеттi. Тамыз айының аяғына таман күн қатты ысып, ала жаздай аңқасы кеуiп, тулақша қатып жатқан сайын даланың бетiндегi құлпырып жатқан …

Романдары »

Сыр бойының сүлейлерi ұлы Балқы Базар, Қарасақал Ерiмбет, Оңғар жырау, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсiптердiң жыр-термелерiне, Шығыс дастандарына жастайынан қанығып өскен бiздiң ұрпаққа қарасөздi оқу деген онша үрдiс бола қоймайтын. Сол 1950-iншi жылдары оқыған кiтәбтарымның iшiнде есiмде қалғаны С.Мұқановтың “Өмiр мектебi” ғана. Сол кездерi жарық көрген, ауыл шаруашылығы, өндiрiс т.б. тақырыптарына арналып жазылған роман, повесть, әңгiмелер ешкiмдi де қызықтырмайтын. Тек 1958-iншi жылы Бейiмбет Майлиннiң бiр томдығы жарық көргеннен кейiн барып, бiздiң елде қарасөздi оқуға құмарлық басталды. Сол бiр томдықты сатып алған мен жетiлiк май шамды жағып …

Романдары »

Тоқшылықтың көзiнiң iлiккенi жаңа бiр әзiрде ғана едi. Таң азаннан қызыл ешектiң құлақ жара ақырғанынан ұйқысы шайдай ашылып кеттi. Тоқшылықтың ерiнiп, көзiн ашқысы келмедi. Соны күтiп тұрғандай қасақы ешек тағы да iшiн тарта қылғынып, ұзақ ақырды. Тоқшылық көзiн қанша тарса жұмғанымен, ендi ұйқыдан маза қашқанын бiлдi де, үстiнен шыт көрпенi серпiп тастап, орнынан тұрды. Бұ кезде әке-шешесi әлдеқашан тұрып кеткен екен. Құлқын сәрiден тұрып, мал жайлап, қолдағы жаңғыз сиырды табынға қосып келген әкесi шәй iшiп жатыр. Өзi сырқау. Соңғы бiр-екi жылдың беделiнде арса-арса боп сүйегi қалған. …