Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Қымбаттым, сен деп едiм…

Қымбаттым, сен деп едiм,
бiрақта кел демедiң.
Көңiлге қатты батты,
жанымды көрмегенiң.
 
Кеудемде ай нұрлы аспан,
өмiрi қайғырмастан
тұратын сол дүнияға
сен кеттiң қайрылмастан.
 
Сезiмдей жоқ береген,
сен жайлы көктедi өлең.
Зәрім жоқ көңiлiмде,
жаным жоқ өкпелеген.
 
Сен оны жаралап тым,
төсiнде дала – бақтың,
кластас жолдасыңмен
гүл терiп бара жаттың.
 
Шақырып тұр мұндалап,
алдағы жыңғылды алап.
Әдемi бақытыңа
қызыға тұрдым қарап.
 
Кеудемнiң бұлақтарын,
жанымның гүл атқанын,
мүмкiн сен түсiндiң бе,—
бiрақ та ұнатпадың.
 
Сезiмдей жоқ береген,
дәптерде көктедi өлең.
Зәрiм жоқ көңiлiмде,
жаным жоқ өкпелеген.
 
Дүнияда аядай бұл,
көргейсiң саядай бiр.
Сен оны сүйе бiл де,
сен оны аялай бiл.
 
1962

1 849 қаралды