Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Тұрғанда көкте күн күлiп…

Тұрғанда көкте күн күлiп,
тұрғанда түлеп кең өлкең,
соңыңнан шүбә бiлдiрiп,
қалмайды қара көлеңкең.
 

Апырмау, таза жас жанға
қаталдық сонша кiм қылған?
Бұлқынып, көнбей қашсам да,
құтылмай қойдым құрғырдан.
 
1962

1 695 қаралды