Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Болар ма оңай жыр дайын…

Болар ма оңай жыр дайын,
оңай ма төгу көлдетiп?
Көңлiмнiң сырлы сырнайын
толқимын күнде тербетiп.
 

Ақ жарқын досқа, дұшпанға
өлеңiм — талап-тiлегiм.
Кеудемдi шабыт қысқанда,
түнерiп ылғи жүремiн.
 

Кей жандар көрсе сонымды,
өзiнше сырттан есептеп:
“Оған бiр бәле көрiндi! —
деп жатады өсектеп. —
 

Ол баланы көргенбiз,
түскен жандай аспаннан,
кеудесi толы менмендiк,
табысына мастанған”,—
 

деп көбейтiп оспағын,
шулайды сырттан бұл жұрттар.
Аңласаң, жарқын достарым,
Бұ сөзде, мүмкiн, шындық бар.
 

Қарапайым жәй ғана:
қолы бар күс-күс, добалдай,
жұмысшы көрсем қайда да,
кезiм жоқ өткен қол алмай.
 
Пасықтар, сұмдар болмай ма,
жорғалап жүрген кенедей.
Қол бермек түгел ондайға,
өте шығам түк елемей.
 

Мейлi олар қаскөй көңiлмен
жамандар түрлi адамға.
Өтемiн жарқын өмiрден,
басымды имей жаманға.
 
1962

1 091 қаралды