Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Найзағай тiлiп қанжардай…

Найзағай тiлiп қанжардай,
бауыры бұлттың сөгiлдi.
Жалтылдап жерге маржандай
сатырлап тамшы төгiлдi.
 
Қара бұлт содан өттi лез,
күн көзi шықты көрiнiп.
Маужырап тұрды разъезд,
кең дала жатты керiлiп.
 
Зарыққан нұрға ынтығып,
жаңғырды қайта көңiл де.
Қыранша дүр-дүр сiлкiнiп,
құмарта түстiм өмiрге.
 
1962

1 015 қаралды