Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Қайран Сыр баяғыша жатыр ағып…

Қайран Сыр баяғыша жатыр ағып,
тұр төнiп төбесiнен шатыр алып.
Кеуiлдi баяғыша көтеруге
ыңғайсыз, қойыппын-ау қапы қалып.
 

Бермейтiн ойға мұрша, жанға мұрша
балалық алыстапты арманымша.
Көзiмнен бiр-бiр ұшып қайран дәурен,
сiмiрдiм Сырдың суын қанғанымша.
 

1961

635 қаралды