Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Кiлемдей қызғылт сары ала…

Кiлемдей қызғылт сары ала,
арайлы көрдiм таңды мен.
Құйындай ұйтқып далаға,
құйғытып шықтым шаңғымен.
 

Айналам ұшан қылаң дүз,
кеуiлге салды түрлi ойлар.
Бойына қатқан қырау, мұз,
үнсiз тұр бұта, қурайлар.
 

Асулар әппақ алдағы
жанымды күйге бөледi.
Шаңғымен шаршасам дағы,
құйғыта бергiм келедi.
 

1961

1 154 қаралды