Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Күн-түнi ұлып ақ боран…

Күн-түнi ұлып ақ боран,
айналып үйдi зыр қақты.
Долырып дүлей айтқан ән
мұңлы да әсем ырғақты.
 

Түрiлiп демде қысқа түн,
арайлап алтын таң атты.
Алдында үйдiң мұз қатып,
жаңа қар жапты алапты.
 

Ұшырап жылы жәй бетке,
сәулесiн шашты сұлу Күн.
Өрнектер тұрды әйнекте,
кестесiндей-ақ сұлудың.
 

Қырауға аула, шарбағың
көмiлiп болған малмандай.
Ақ төбе бейне жан-жағың,
ақ мақта жауып қалғандай.
 

1961

455 қаралды