Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Тиыштық басты түнгi айналаны…

Тиыштық басты түнгi айналаны,
жайсаң жел дала баурын аймалады.
Ғашығын аңсай күткен ботагөздей,
сығалап бұлт астынан Ай қарады.
 

Жұлдыздар жер бетiне төне қапты,
қалың шық шөпке қонып келе жатты.
Дауысың әу дегенде жаңғырығып,
кетердей дүрлiктiрiп кең алапты.
 

Табиғат үнсiз тiлi байланғандай,
кеуiлi күз түнiне жай болғандай.
Келедi қырды кезiп кете бергiң,
күлiмдеп көкiрегiңе Ай қонғандай.
 
1961

508 қаралды