Бас бет » Романдары

Бегілдә АЛДАМЖАР. Жықпыл

Тоқшылықтың көзiнiң iлiккенi жаңа бiр әзiрде ғана едi. Таң азаннан қызыл ешектiң құлақ жара ақырғанынан ұйқысы шайдай ашылып кеттi. Тоқшылықтың ерiнiп, көзiн ашқысы келмедi. Соны күтiп тұрғандай қасақы ешек тағы да iшiн тарта қылғынып, ұзақ ақырды. Тоқшылық көзiн қанша тарса жұмғанымен, ендi ұйқыдан маза қашқанын бiлдi де, үстiнен шыт көрпенi серпiп тастап, орнынан тұрды. Бұ кезде әке-шешесi әлдеқашан тұрып кеткен екен. Құлқын сәрiден тұрып, мал жайлап, қолдағы жаңғыз сиырды табынға қосып келген әкесi шәй iшiп жатыр. Өзi сырқау. Соңғы бiр-екi жылдың беделiнде арса-арса боп сүйегi қалған. Екi ұрты басқан бармақ iзi бiлiнер желi шыға бастаған доптай шүңiрейiп тұр. Қасында шешесi қақшиып, шәй құйып отыр.

 

dawd

Оқу үшін шертіңіз!

 

1 073 қаралды