Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Ауылды оятты атып таң…

Ауылды оятты атып таң,
қою түн түнегiн сыпырып.
Тығылып қояндай жарықтан,
жұлдыздар қағысты жыпылық.
 
Ұшады құс көлдi оралып,
дария ағады жәй ғана.
Тоңғандай шалғынмен оранып,
маужырап тұрысты айнала.
 
Күлiмдеп қолдасты Күн  Жермен,
бiр түнде қалғандай сағынып.
Жер Күндi қарсы алды  гүлдермен
жап-жасыл бешпентiн жамылып.
 
1960 жыл

1 056 қаралды