Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Бостандық алған тiл неге…

Бостандық алған тiл неге
қамалған сынды түрмеге?
Айтсам ба десем шындықты,
қой, ойбай, дейдi ел, үндеме!
 

Тiрлiктiң көрiп расын,
десем мен тiлiм сынасын,
нелiктен қысқа құлашым,
тiлiме төре пұл неге?
 

Мен оған болмай, саудагер
заманға соқсам дауды егер,
көбеймек ел-жұрт жау көрер,
көргендей шошыр бiрдеме.
 

Содан соң қашып қатар да,
сайлайды оғын атарға.
Қаламын жаңғыз жәһанда,
телмiрiп тастай iргеге.
 

Кiредi сонда ақылым,
шындықты айтар пақырың
мен бе екем? Құрсын кәпiрiң!
Жетпейдi еш қолым жүлдеге.
 

Шыны, елiм жүрер ақыл ап
мен бе екен Платон, Сократ?
Менмiн бе тақуа, ақымақ?
Бередi тiлiм күрмеле.
 

Құладым ақыр гүрс етiп…
қызық бiр кейiп көрсетiп,
Пушкин мен күлiп тұр Чехов…
Не дейiн, заман, сұм неме!
 

29.06.2009

656 қаралды