Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Жастық пен кәрiлiктiң шамасы бiр…

Жастық пен кәрiлiктiң шамасы бiр:
шал менен мылжыңдайды таласып ұл.
Дөп сөйлеу көп сөйлемей — екi ортада…
Сағымдай сосын дөптiң қарасы құр…
 

Оқыдық қанша кiтәб сондай мылжың?
Соңы оның — мәңгiрген бас, ой қоймалжың.
Сонда да көп сөйлеуге тоймай жүр кiм?
Оңбаймыз мылжың дейтiн қалмай бiр жын…
 

05.06.2006

532 қаралды