Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Кетпейдi сол сәт есiмнен…

Кетпейдi сол сәт есiмнен:
мен едiм суға шешiнген.
Алыстап кеттi-ау, о заман,
қарадай шалқып көсiлген.
Сондағы кездi еске алсам,
шатамын бастың несiн мен?
Сақтады құдай со кезде
басыма төнген кесiрден.
Жас едiк, шашты жiберiп
жалбыратып кеп өсiрген.
Сол шашты сипап ақырын,
ақтарып сырын есiлген,
бiр сылқым жатқан балбырап,
сипалап менiң төсiмнен.
Мен сонда шаптым арылдап,
сезiмiм сел боп ешiрген.
Кетпейдi сол сәт есiмнен!
Кесiрлен, дүния, кесiрлен!
 

2005 жыл

693 қаралды