Бас бет » 1995-2009 жылдар, Өлеңдері

Пайда жоқ бағы барды күндегеннен…

Пайда жоқ бағы барды күндегеннен,
пайдасыз һәм әзәзiл тiлге де ерген.
Тiрлiкте жолдың болу, болмауы да
қасиетiн қара тұздың бiлмегеннен.
 

Оныңды тәттi дейдi көп аңызда,
аш қарын ас татымай, бола ма ырза?
Бiр күнi бола қалмақ кепкен сүйек
жасынан жарымаған қара тұзға.
 

Жәнә дә артық жеген — асқан залал,
сүйтем деп табанмен шоқ басқан да бар.
Шын құпия — салатұғын тұз мөлшерi,
бiз соны келiп қалдық жасқа аңғарар.
 

Бiрақ та қу тiрлiктiң зор сабағын,
көрсем де не жағдайды қаншама мың, —
бәрi ұмыт. Қу дағдырдың табағына
байқамай қара тұзды мен саламын.
 

Содан соң осы ғой деп қараған құт,
алмастан сорпа майын жәнә қалқып,
дағдырдың татысын деп табағына,
байқамай қара тұзды салам артық.
 

Бұ жағдай шығарады ақыр бүлiк,
жiбермек ащы, тұщы пақыр қылып.
Аңғарып ақыр сөз бен iс мөлшерiн,
мен қашан тұз саламын татымды ғып?
 

Талпынсам соған кейде тауып бiрде iз,
көремiн төнетiнiн қауiптiң жүз.
Шынында ащы, тұщы арасында
бiз неге ойланбастан ауытқимыз?
 

Құримыз сүйтiп жүрiп құр бекерден.
Десем мен мөлшерсiзге мүлде көнбен,
қос басы таразымның қалтақтайды,
шелекпен иiнағаштай су көтерген…
 

12.02.1995

1 866 қаралды