Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Шын айтам, менi алмашы жұмысқа, аға…

download themes for free

Шын айтам, менi алмашы жұмысқа, аға,
дүдәмәл бар шаруама дұрыс қара.
Атомды жарғаннан да болды-ау қиын,
арзаға қою кәзiр бұрыштама.
Шын айтам, менi алмашы жұмысқа, аға.
 

Қиналу бұлай қатты дұрыс па, аға,
кәйтедi, дейсiң iштей, қырыс бала.
Шынында, тауға, тасқа соққан басым
ұнар ма илеудегi құмырсқаға?
 

Жасарым жәнә бұл ма негiзгi ағат,
шаруам көп сезiлетiн семiзге жат.
Отыру орындықта оңай да емес,
құйрықты қадап қойып сегiз сағат.
 

Сенiңше, кiм кенелмек мұнша «баққа»?
Көнбеген iлiнбекшi ме сын садаққа?
Шаруаңды сегiз сағат бойы iстейтiн,
не болмақ, мен атқарсам бiр сағатта?
 

Әлдә бұл жұрттың iсi нәтi салақ?
Қалыпшыл ел дейсiң бе шатысады-ақ?
Бар iстi бiр сағатта бiтiрген соң,
кеңседе құр отырам ба жетi сағат?
 

Бұл, мүмкiн, сақтау болар порымыңды?
Жүрмiн бе жасап жұртта жоқ ырымды?
Сен әлдә менен қатты қорқасың ба,
жүрер деп тартып алып орынымды?
 

Оныңның маған қанша керегi бар?
Мансабқа адам осы неге құмар?
Қызметтi қатты iстейтiн кiсi көрсе,
кiсiлер неге сонша болады дал?
 

Шамасы, сен де сондай «болғыштансың»,
қызғыштай қызметiңдi қорғыштарсың.
Байқасаң басы озықты, әлi талай
талайын таблетканың сорғыштарсың.
 

Ондайды ала көрме жұмысқа, аға,
байыңды, баптана бер, тiк ұста да.
Қып-қызыл кешелерi құмырсқа едiң,
айналдың ендi басқа құмырсқаға.
Айтпаймын алашқа ашық бұл iстi, аға,
алмашы айтарды ашық жұмысқа, аға…
 

29.05.1993

2 087 қаралды