Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Қара шал, әкемiздiң көзiн көрген…

Қара шал, әкемiздiң көзiн көрген,
қайтпайсың қу мiнезден кежiрленген.
Қызылдың сексеуiлi секiлденiп,
отырсың, пейiлiң аулақ безiлдеуден.
 

Жәнә үдә бiр қалпың жоқ боздайтұғын,
сен емес жақынға қол созбайтұғын.
Қалыпты шымыр дене шүйкедей боп
текенiң асығынша тозбайтұғын.
 

Жүрмейдi баяғы бiр еркiнше аяқ,
жиырма бес кеткен қашық төркiндей-ақ!
Дал болып қу дүнияға қарап тұрсың,
шыққасын келiн — айғыр, кемпiр — саяқ.
 

Баланың көбi кәзiр қалаға асқан,
олар мәз — сансыз қуға араласқан.
Қазық боп сен отырсың көне жұртқа
кеткендей құрғыр уақыт жанамастан.
 

Бар мақсат жатпаса да орындалып,
болары мұның мәдәт кеуiлге анық.
Жол түсiп кеп қалғасын ауыл жаққа,
мен сенiң кетейiн деп қолыңды алып,
 

келiп ем, сен күлесiң осқырынып,
жатқанадй құмда жошқан көш бүлiнiп.
Көзiңде бiр қуақы күлкi айтып тұр,
осындай болар ма деп естi жiгiт.
 

Қарасам айтқан сөздiң аңғарына,
келемеж қыларлықтай бар мағына.
Қарайсың әжуалап бұйра шаш пен
сыптиған санды қысып шалбарыма.
 

Не болған, дейсiң iштей, талмас күлiк,
жат киiм жiберген-ау албасты ғып!
Бiр жамбас болған қула дейсiң жәнә
алмайды-ау отыра да малдас құрып.
 

Ол рас, үрдiстi уақыт көп қаусатты,
болды ол кез жаңалықты қоштау қатты.
Сол жолмен мен жармассам шанышқыға,
саласың сен табаққа… бес саусақты.
 

Қаққандай сол жаныма мүлде шеге,
қысқа жiп ұзарар ма күрмесе де?
Сорпаны сен iшесiң тостағанмен,
мен болсам, мәз боп тұрмын бiр кесеге.
 

Бұ не өзi? Болғанмын ба мен тiк iшек?
қиялдың болған неге елтуi шет?
Бұ қалып бас көтертпес, десе бiр жан
бiз дағы тар жықпылдың елтiрсi ек.
 

Ондайда қайнамас па iш қазандықтай?
Бiз жүрмiз неге осы бiр азарды ұқпай?
Шөп жесек, қу шүйкебас шүйлiккенде
жар соққан болмаспыз ба сазаншықтай?
 

Ақыры бойды ауыр бiр сабыр басып,
ет қашып, сүйек қалып, жалын қашып,
несi жөн үйде омалып отырғанның,
бұ не деп өз халiңе таңырқасып?
 

Сонда ем бе қу қатынның бар бәйегi?
Тұр ма әлде ескi үрдiсте ер мәйегi?
Қара шал, орысқолдау айтшы маған,
әкемнiң жүрген жолы қандай едi?
 

Түзу ме ол? Жатыр ма әлде ирелеңдеп?
Батыр ма жауын сазша илеген көп?
Сойылы сұмдық жылдың соғылғанда,
бел сынып, қалған жоқ па ол кирелеңдеп?
 

Үйтпедi?! Болды дейсiң бәрi ретше?
Ескiнiң, не болмақ ел, табы кетсе?
Қалқоздың, сұм соғыстың салған жүгiн
қас қақпай көтердi ме қара үлекше?
 

Болды ма кiсi оны да жек көретiн?
Болды ма о кезi оның да кектенетiн?
Арақты ауызға алмай, атпай насыбай,
уақытын ұсталықпен өткеретiн?
 

Мен соны жүрмiн неге ұстай алмай?
Не қалып масаң тарт деп қыштағандай?
Кiм өзi ескi үрдiстi бiзден алған
сақалды қырып түсер ұстараңдай?
 

Сол дағды уақытында ескерiлсе,
өткеннiң бар асылы тексерiлсе,
мен дағы сендей болып тұрмас па едiм,
тамырын құмға салған сексеуiлше?
 

Назбедеу болмас па едiм топта арлаған,
шолмас па ем тарнауларды көп бармаған?
Кiм бiлсiн? Қара шалдың қос көзiнен
тұр маған сынай қарап өткен заман.
 

Сықылды ол жанды жейтiн сұм қотырау…
қара шал, қызық болды-ау мүлде мынау!
Ескiнiң көзi өшпесе, бiз де өшпеспiз,
қара шал, сен аман бол, құрмағыр-ау!
 

24.12.1979

1 824 қаралды