Бас бет » 1971-93 жылдар, 1971-93 жылдар, Өлеңдері, Дастандары

Машақатты махаббат

1
 

Таға көрме, кермиығым, жанға айып,
сен бар жерде шалқып алам сәл байып.
Мен күтемiн сенiң келер сәтiңдi,
кеткенiмше қағаздай боп сарғайып.
 

Ашуыңды жүрмегейсiң сен төгiп,
сыр тартамын көздерiңе мен төнiп.
Мен сүйемiн сүйер болсам лапылдап,
кеткенiмше қағаздай боп өртенiп.
 

2
 

Жайнап жүзiң жаңбыр жуған жүзiмдей,
балғын белiң тұрғанда әзер үзiлмей,
қызартпаған ерiнiңнен қалған iз
машақатсыз махаббаттың iзiндей.
Жайнап жүзiң жаңбыр жуған жүзiмдей,
балғын белiң тұрғанда әзер үзiлмей,
қызартылған ерiнiңнен қалған iз
қызыл шатақ махаббаттың iзiндей.
 

3
 

Кермиығым, көрген жоқпын қайғы алып,
жiгерiмдi жүрмiн жанып, сайланып.
Сол жiгердi атар жебе — кiрпiктi
бояп-бояп, қойғаның не найза ғып?
 

Кермиығым, қозған кезде құмарлық,
жiгерiмдi жiберетiн қыран ғып.
Сол жiгерге қанат болар қасыңды
жұла-жұла, қойғаның не жылан ғып?
 

4
 

Шалқып, тасып қайтқан жандай қонақтан,
iрке алмастан сезiм селiн көп аққан,
сүт-кеуiлiм таси бердi бұрқырап,
өзiң жаққан өрт-жалыны зор оттан.
 

Сен өртедiң, мен қызындым таспақ боп, —
отың сөндi, күлден жырақ қашпақ жоқ.
Қалды сөнiп қауқары жоқ қоламта,
сүт-кеуiлiм қалды суып қаспақ боп.
 

5
 

Жүрген жоқпын шарапты маскүнем боп мен iшiп,
жүрген жоқсың шарапты маскүнем сен iшiп.
Жоқтан өзге қабақты маскүнемше шыттырып,
бiз қаламыз лезде маскүнемше керiсiп.
 

Жүрген жоқпын шарапты маскүнем боп мен iшiп,
жүрген жоқсың шарапты маскүнем боп сен iшiп.
Болмашы зат қабақты маскүнемше аштырып,
бiз қаламыз лезде маскүнемше келiсiп.
 

6
 

Жас көгi көп жайлауыңды жерсiнбей,
көрiп қызды шын бұйырмыс еншiмдей,
қой көзiңе көкжиектi қондырған
қараған ем мен сүймей.
 

Жайлау көгi көндi шiлде лебiне,
қыз кеткесiн, қызық кеттi жөнiне.
Көкжиектi сүйiп ендi, сүюдiң
жете алмадым шегiне…
 

7
 

Жанарыңды жанған жалын мың тұрлi
екi жұлдыз дегенге мен иландым.
Саф ауаны сыңғыратқан күлкiңдi.
бейiш үнi дегенге мен иландым.
Ай ажарын ұялатқан көркiңдi
айдың өзi дегенге мен иландым.
Ерiнiңдi тұтқындаған еркiмдi
екi жаға дегенге мен иландым.
Бұрымыңды ушықтырған дертiмдi
перi шашы дегенге мен иландым.
Мүсiнiңдi серiппедей серпiндi
құлыншақтай дегенге мен иландым.
Мiнезiңдi құдды майда жел түнгi, —
мамық екен дегенге мен иландым.
қосағың бар… Келмейдi оған иланғым,
бiр иланып, бiр иланбай қиналдым.
 

8
 

Махабаттың қымбат екен хақы тым,
сенде ғана тұрғандай бар бақытым.
Жалт-жұлт етiп жүргенiң де — бақытым.
күмiс шашып, күлгенiң де — бақытым,
Күнәдан пәк көздерiң де — бақытым,
сары аязсыз сөздерiң де — бақытым.
қанат қаққан қиялың да — бақытым,
бетiңдегi ұялу да — бақытым.
Жолдан тайсам, мұздар iш те — бақытым,
сен көрсетер қызғаныш та — бақытым.
Махабаттың арзандаса хақы тым,
не болмақшы, не болмақшы бақытым?
 

9
 

Жан дүниямның жас жайлауын жайлаған
сен құлынсың кекiлiмнен ойнаған.
Сен жоқ жерде, — дүния маған қызықсыз,
сен бар жерде, — барша дүния той маған.
 

Шашам сенiң жолыңда бар дәулеттi
сен аңсайсың тұшымы көп қау көктi.
Сен жоқ жерде, — дүния маған ажарсыз,
сен бар, — дүния маған сәулеттi.
 

Мойыл шашың мойыныңа құлаған, —
қобыз қылы. Саз саумайды кiм одан?
Сен жоқ жерде, — дүния маған тас-түнек,
сен бар жерде, — дүния маған рауан.
 

Сезсең соны, ел орынға жатпай кел,
шарап берсең, саумал күйi татпай бер!
Мен жоқ жерде, — дүния саған шырайлы,
мен бар жерде, — түнек болса… Сақтай гөр!
 

10
 

Махаббатқа айтар назым көп менiң,
мас сезiмдi мас боп, шайқап төкпедiм.
Сағыныш боп оралар ма бұла күн,
болмаса егер еске алатын өткенiм?
 

Жас кеуiлдi жайлағанда от керiм,
көкiрекке басты таңба шоқты ерiн.
Тәттi түс боп енер ме еддi жастық шақ,
болмаса егер еске алатын өткенiм?
 

Қара көздiң қадалғанын, өпкенiн
кәдiрлемей қалмас кезiм жоқ менiң.
Алау болып қалар ма едi жиырма бес,
болмаса егер еске алатын өткенiм?
 

Кәзiр жырақ шоқты ерiн мен отты ерiн,
қара көздiң жүрмiн көрмей өпкенiн.
О, махаббат, сыйлар ма едiм мен сенi,
болмаса егер еске алатын өткенiм…
 

11
 

Мойымас мәрт болсам да мен емендей,
жетсе де жiгер жанды жебегендей,
кеуiлiңнiң жайлауына жолатпайсың,
кекшiл бас, ойдық желке тебегендей.
 

Содан соң… бiр бұйығы бiздей ғарып
көрiкке ұмтылар ма көз майланып?
Суынып бiрте-бiрте ыстық ықылас,
қалғандай ақырында мұзға айналып.
 

Қиын-ақ! Мен өзiңдi пiр тұтқам-ды,
жандағы жамар деп ем жыртықтарды.
Тасыған тосын тұста тәркi кеулiм
қалпыңнан құлақ жымған… үркiп қалды.
 

Сол екен… Жабыспадым шалғайыңа,
жас ниет салмады ұя таңдайыма.
Байқай жүр, баққа ақыры зар боларсың,
бақытыңды тебе берсең маңдайына…
 

12
 

Ұмыттық па махаббатың зор күндi, —
кеуiлдерге айрығы бар жол кiрдi.
Пәруанадай бiр көзе алтын жоғалтқан,
мен отырмын сипалаумен орныңды.
 

Ұмыттық па махаббатың зор күндi, —
кеуiлдерге тосын ниет тор құрды.
Пәруанадай бiр көзе алтын жоғалтқан
сен отырсың сипалаумен орнымды.
 

Талқандалған ықылас дейтiн күйтабақ,
жұқарттық-ау жүйкенi де қиқалап.
Бiз болармыз сонда нағыз пәруана,
қалсақ мәңгi… бiр орынды сипалап.
 

13
 

Жас кезiмде көрмедiм деп жан-жақты
өзiңе өзiң өкпелейсiң сен қатты.
Сонша бұлдап бармақ басым бәлеңдi,
тiстелейсiң жазығы жоқ бармақты.
 

Қапияда қарпыдым деп қармақты,
өзiме-өзiм өкпелеймiн мен қатты.
Қор болдың деп бармақ басым бәлеге,
тiстелеймiн жазығы жоқ бармақты.
 

Бұ не сонда? Азғақ па едi арманың?
Дұрыс па осы тура жолдан танғаным?
Не iстер едiк екеумiзге бiр күнi
бармақ басым көрсетсе… сұм бармағын?
Не дауа бар бұйрығына Алланың!
 

14
 

Құлақ түрiп сыбырға,
бiлмей жүрмiз бiз, мүмкiн,
тiршiлiктiң, шынында,
қызығы қой қыз-қырқын.
 

Айтқан мұны бұрында,
болған талай «мың бiр түн».
Тiршiлiктiң, шынында,
азабы қой қыз-қырқын.
 

Бұл не деп көп ойлаймын,
қыз-тiрлiктi өбемiн.
қызығына тоймаймын,
азабына көнемiн…
 

15
 

О, махаббат, құшақ жая қарсы алып,
деушi ем сенi — бiр кербез күй, зор шабыт.
Кеттi қашып кербез күй де, шабыт та, —
айнымпаз ба ең соншалық?
 

Татқан тәттi ләззатыма тамсанып,
деушi ем сенi — сайрар бұлбұл ән салып.
Ән таусылды, бұлбұл қашты бағына, —
айнымпаз ба ең соншалық?
 

Дауа жасар дәруiшше дем салып,
деушi ем сенi — қонар басқа бiр шалық.
Шошынғандай шалыңтаған шақ қашты, —
айнымпаз ба ең соншалық?
 

16
 

Кереметтiң сенiң қандай бар тағы?
Мен ұмытып шандоз шақты арқалы,
Жат жанардың жалтылына арбалсам,
көзiң менi магнитше тартады.
 

Кейде байқап өр кеуiлдiң өскенiн,
келiп саған қол берместен, қош дегiм,
көршi қыздың сымбатына сұқтансам,
шырмауықша оралады қос қолың.
 

Таңғаламын: халы ма осы жұрттың көп,
жүрмiн неге жанабыңда тұтқын боп?
Талқандасам деймiн сол бiр түрменi,
Одан бiрақ… өзiмнiң де шыққым жоқ.
 

17
 

Махаббат, кербез күйге домбыраң бай,
құлағың қалған жоқ па оң бұралмай?
Әуен боп бұлтқа мiнiп жүргенiңде,
аңсаушы ек алақанға қондыра алмай.
 

Жанардың алынатын жалты есепке,
толқушы ек шыққан шақта қалқа шетке.
Ақыры бұлттан сенi аударып ап,
аямай атып ұрдық тар төсекке.
 

Махаббат, күйiңдi осы жай бұзардай,
ұстайды домбыраңды сүм қызармай.
өзiңдi тар төсекке ұйпалап ап,
бiз жүрмiз бұлтқа қайта мiнгiзе алмай.
 

Тек онсыз бұлт биiкте бұлдырайды,
сол бұлтсыз төсек төмен құлдырайды.
Апырмай, күй кербезiн кiм тартады,
апырмай, құлағыңды оң кiм бұрайды?
 

18
 

Түп қазықтан тартып тастап тiлдi өрен,
жалынсам да, жоқсың бiр сәт үндеген.
Ақ бетiңнiң аймалап тек ажарын,
балқып тұрып, махаббатты жыр дегем.
 

Шыпта-кiрпiк желпiп-желпiп бүркеген
қос оқпандай қос жанарың тым терең.
Сол тереңге сүңгiп шығып сан рет,
шалқып тұрып, махаббатты жыр дегем.
 

Қара бұлт — қас сәнденгенде сүрмемен,
қандай жақсы қасiретсiз күлген өң!
Әлгi бұлттың көлеңкесiн жамылып,
әңкiп тұрып, махаббатты жыр дегем.
 

Кенет сөйлеп, соқты тентек тiл кеуде,
оқпан жанар шықты ызғарды үрлеуге.
қара бұлт-қас алған шақта түйiлiп,
бармады аузым махаббатты жыр деуге.
 

Көп ұзамай қашты кеуiл құмары,
балқу, шалқу, қүлудiң жоқ тұрағы.
Не айтары бар, жырдан жасар жасық сөз
өзiмiз-ау, өзiмiз-ау кiнөлi.
 

19
 

Кеттiң үнсiз. қандай қатал үкiмiң!
құтым қашып, болмай күйi зықының,
ортасынан қақ бөлiнген алмадай
ортасынан қақ бөлiндi бүтiнiм.
 

Ендi не лаж бар? Жабырқадым, жүдедiм,
жесiр қалып көп ләззаттан тұл ерiн,
ортасынан қақ бөлiнген қылыштай
ортасынан қақ бөлiндi тiлегiм.
 

Ол аздай-ақ, бақ бермедi мейiрiн,
махаббаттан мүлдем шығып зейiлiм,
ортасынан қақ бөлiнген анардай
ортасынан қақ бөлiндi бейлiм.
 

Үнсiз келдiң. Шыға алмадың төрге оңды,
мен де батыл бере алмадым оң қолды.
Жүрермiз-ау ұмыт қылып көргендi,
күлермiз-ау қойып кеуiл бөлгендi.
Кiм жамайды жанға түскен жамауды.
кiм бiтпейдi алма, қылыш, анарды?
Бәрiнен де қинағаны сол болды.
 

20
 

Шыны осы: өз еркiңiз не десеңiз,—
қызғаныш махаббат пен емес егiз.
Мейiрi махаббаттың қылғанда мас,
қыранға түлкi шалған теңесемiз.
 

Шыны осы: өз еркiңiз не десеңiз, —
қызғаныш махаббат пен емес егiз.
қабағы қызғаныштың қабарғанда,
қасқырға қарсақ көрген теңесемiз.
 

Тең түспей сол екеуi кеуiлiмде,
жанымды жүр жеткiзiп семiруге.
Әуейi менi бiрде, бiреу етiп,
ит қылып арсылдаған менi бiрде,
 

қасқырың қыран менен дара қалып,
жауласып, жатқаны ылғи, жараланып.
Айтуға бiтуажа сол қос дұшпанға,
ағайын, әлi де бiр жарамадық…
 

22
 

Қайрат сыймай қанаға, бу боп беттен көрiнiп,
жаңбыр болдым бiр жанға бұлт баурынан сөгiлiп.
Жарқ етпедi найзағай, бедеу бұлттар сейiлдi,
лыққан жерден ығалға қалдым бiлем жерiнiп.
 

Ертесiне… естi алып, өзегiме от басып,
күй кербезiн тартқызды кердең, керiм көп ғашық.
Iшек үзiлдi кенеттен, домбыра тек дың еттi,
ендi күйден жатырмын құлақ басып, бет басып.
Жерiнгенмен, әрине, болмайд жаңбыр төкпеуге,
бет басқанмен болмайды және күйдi шертпеуге.
О, махаббат кәйтейiн, кел деуге кем мажалым,
О, махаббат, кәйтейiн, дәрменiм жоқ кет деуге…
 

23
 

Махаббат, жаралғандай сен деп ғалам,
сенi iздеп, кездерiм көп елдi ақтаған.
Арманым аңызаққа апталғанда,
жырақтан жеткен едiң жел боп маған.
 

Түндерде жұлдыз самсап, ай батпаған,
жататын шiлделiк боп сайрап далам.
Қара көз — қара көлге сүңгiгенде,
гөбемнен түскен едiң жай боп маған.
 

Балалық базарынан аулақтаған
шағымда, жолыңпады бау қаптаған.
Кеудемде күй қалғанда қордаланып,
жеткен ең жойқын жанартау боп маған.
 

Бiлемiн жай мен желдiң соқпасын көп,
бiлемiн жанартаудың атпасын көп.
қара күн — қош деп ұшып сен кеткен күн,
тiлеймiн тәұiрiм содан сақтасын деп.
 

24
 

Мiн тақпашы, кенiшiм,
қарамашы жасқанбай!
Оның жанға мен үшiн
құдды таңба басқандай.
 

Мiн тақпашы, кенiшiм,
қарамашы сескенбей!
Ол кеуiлдiң өрiсiн
болады бiр кескендей.
Мiн тақпашы, кенiшiм,
қарамашы шаттанбай!
Ол ықылас қонысын
болады өртеп жатқандай.
 

Мiн тақпашы, кенiшiм,
қарамашы иланбай!
Ол махаббат тоғысын
сияқтанар қиғандай.
 

өшсе қоныс, тоғысым,
өшсе жаным, өрiсiм,
қасiрет қой мен үшiн,
мiн тақпашы, кенiшiм.
 

25
 

Жанарыңнан жалтылынан жарқылдаған шоқ тамды,
қып-қызыл шоқ кеуiлдегi ашып кеттi оқпанды.
Сол бiр оқпан ә дегеннен бастай бердi сұмдығын,
махаббатың шәрбатына еш тоймады ындыным.
Талақ қылып ақыл-ойдың бедiрейген безбенiн,
жамалыңды көп аймалап, еш тоймады көздерiм.
Қызықтырып қырмызыдай мың құлпырған келiмiң,
ажарына көп семiрiп, еш тоймады кеуiлiм.
Тағаты кем жас бәданның тойтара алмай желiгiн,
ерiнiнiң саумалына еш тоймады ерiнiм.
Тұтас сенi құшсам дейдi ол, толтырсам деп ояны,
мен бiлмеймiн сол бiр оқпан қашан ғана тояды?
 

26
 

Көре сала сүйе қалу мүмкiн бе?
Сенбейдi оған серiлер де бұл күнде.
Сенi көрiп, сұлап түстiм мен байғұс,
не дауа бар бұл махаббат шiркiнге!
 

Көре сала қызға құлдық ұрдың ба?
Көрсеқызар ниет дейдi тұр мұнда.
Сенi көрiп, құлдық ұрдым мен байғұс,
не шара бар бұл махаббат құрғырға?
 

Сақалдықа осы да iс пе лайықты?
Кеуiл үшiн жөн бе ұмытқан байыпты?
Айта алмаймын, алжастырар ақылдан,
шамасы, оған махаббат-ау айыпты.
 

27
 

Жақұт сынды жанары
қара құрдым, алыс тым,
бұйыр деп оң қабағы,
бiр бикешке жабыстым.
 

Сосын… айтпан ойшыл деп,
тек көзiнде бар ұшқын,
бұйырмаса қойсын деп,
бiр бикешпен табыстым.
 

Жан дәметтi көп мәзiр,
сезiм соңын ой алды.
Жабысқаным жоқ кәзiр,
табысқаным… баянды.
 

1971 жыл

940 қаралды