Бас бет » 1971-93 жылдар, Өлеңдері

Бiр достым бар-ды елгезек…

Бiр достым бар-ды елгезек‚
аңқылдақ‚ сырлы өлеңдей.
Жанашыр болар тiл безеп‚
жұлынын жұлып берердей.
 

Бiр қасым бар-ды қабарған‚
қайары қатты қабандай.
Қапияда алып жағаңнан‚
санаңа семсер салардай.
 

Бiр жiгiт бар-ды битарап‚
ұрыспен‚ даумен жоқ iсi.
Бiр сөзiн айтпас қайталап‚
қауымнан аулақ қонысы.
 

Күн туды бiрде басыма‚
қас жауым бөркiн көкке атты.
Битарап келдi қасыма‚
ал достым… бөтен боп қапты.
 

29.01.1971

500 қаралды