Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Бар едi жақын бiр жолдас…

Бар едi жақын бiр жолдас,
көздеген дүния пәленi.
Төркiнi дөкей қылған мас,
әйелi едi әдемi.
 

Үнемi қалсақ кездесiп,
сый жасап, тыным таппайтын.
Шайтанша не бiр сөздi ешiп,
шашымды бұйра мақтайын.
 

Ақыры сол шаш бүлдiрдi:
отырып әйел тым жақын,
көңiлiн құбыл бiлдiрдi,
қолпаштап қолдан қымбатын.
 

Сол екен, бездiм жолдастан,
шындықты көпке сездiрмей.
Әйел де есте қалмастан,
болды ұмыт өткен мезгiлдей.
 

Ақыры қатын қатырды,
жатпастан сырттай даурығып,
тiлiмен байлап пақырды,
сыртымнан қойды жау қылып.
 

Басқа де мұны жазбасын,
тиыштық қымбат қостағы.
Бұйра жоқ кәзiр, таз басым,
қызығы… жұрттың дос бәрi.
 

1970 жыл

677 қаралды