Бас бет » 1960-70 жылдар, Өлеңдері

Еркiндiк қайда кешегi…

Еркiндiк қайда кешегi,
кешегi бұла қайда ақын?
Жортуыл жылдар нөсерi
қойған ба алып қайратын?
 

Еркелiк қайда кешегi,
кешегi керiм наз қайда?
Кесе өтiп тәртiп — көшенi,
құшағын кеге жазбай ма?
 

Бiлмейдi, түгiн, бiлмейдi,
жампоздың жағы суалған.
Отырса ол, желдей гулейдi
тағаты қашқан күн алуан.
 

Солардың бiрiн ұстамай,
сарсылып, сал боп жатқаны.
Самайға қонды қыс талай,
қоңыр күз қақты қақпаны.
 

Шайырда ендi жоқ қауқар,
мажалы қашып, әл тынған.
Суырылып сансыз көпке айтар
сиқыр сөздерi сарқылған.
 

Дiр еттi саусақ, көз тұнды,
ашуы еттi ағаттық,
аспанды, барқыт боз түндi
жанары кеттi талақ қып.
 

Бұ жайды ешкiм сезбедi,
сезбедi сазды қысқарған.
Шайырды мұңлы көздерi
мен ендi көрдiм столдан…
 

1970 жыл

696 қаралды