Бас бет » Романдары

Бегілдә АЛДАМЖАР. Ұлы сел

Бегілдә Алдамжар

 ҰЛЫ СЕЛ

 Төрт кітапты рәуәййат-роман

Бірінші кітабы

Бірінші дәптер

— Ойбай, құрыдық!

Қуаңдарияның шыбын-шiркейi аз, қамысы жоқ жайпауыт жағасында отырған ауыл кiсiлерi шошынып, үйлерiнен атып-атып шықты. Жаманшылықты көп көрiп, зәрелерi ұшып, запы боп қалған үлкендер жағы әлден тiксiнiп, астындағы атын басқа-көзге қарамай сабалап, қақпа шекпенiнiң шалғайы далпылдап шауып келе жатқан кiсiге абыржи қарады.

78965

1 томын оқу үшін шертіңіз!

 

Бегілдә Алдамжар

 ҰЛЫ СЕЛ

 Төрт кітапты рәуәййат-роман

 Екінші кітабы

  Бірінші дәптер

1

Биыл Сыр бойында сары күз ұзақ айналатын сыңай көрсеттi. Тамыз айының аяғына таман күн қатты ысып, ала жаздай аңқасы кеуiп, тулақша қатып жатқан сайын даланың бетiндегi құлпырып жатқан қалың түктi мүлдем күйдiрiп жiбердi. Тек ұлы дарияның жағасы ғана салқын сабат. Қауындар қақ-қақ айрылып, пiсiп жатыр. Әсiресе, биыл Тұрғалидың Сыр жағалауындағы кең алқапты тұтастай көмкерiп жатқан тарысы аузы-мұрнынан қақалып, бiтiк боп шықты.

78965

2 томын оқу үшін шертіңіз!

Бегілдә АЛДАМЖАР.

Ұлы сел

Төрт кітапты рәуәййат-роман.

Үшінші кітабы.

Бірінші дәптер

— Уһ‚ мына күнi құрғыр жанып кеттi ғой!

Таң азаннан атқа қонып‚ еш жерге тiзе бүкпестен салқа жортып келе жатқан бес жүздей кiсiнiң ешқайсысы Елдестiң сөзiне елең ете қойған жоқ. Бәрi де қамшы со-зым жерде астаубас атының сауыры төңкерiлген қазан-дай боп бiр қалыппен келе жатқан Тоғанақ батырдың алып тұлғасына қарап қалған. Күн‚ шынында да‚ сиыр сәскеге таман қатты ысып кеттi. Айнала аңылжып тұр. Құдды аспан айналып жерге түскендей.

78965

3 томын оқу үшін шертіңіз!

Бегілдә АЛДАМЖАР.

Ұлы сел

Төрт кітапты рәуәййат-роман.

Төртінші кітабы.

Бірінші дәптер

1855-iншi жылдың жазында Ақмешiт пен Қазалы үйездерiне қараған елдiң би-батыр, бай-мырзаларынан құралған топ Петерборға арнайы сапармен барып қайтатын болды. Оны жасақтауға Елмырза төре белсене араласты. Ол Қазалыға келгесiн Захваткин  кеңесiп, Петерборға баратын кiсiлердiң тiзiмiн жасай бастады. Аздан соң ёккi төре тiзiмге бiр адамды енгiзiп, бiр адамды алып тастап, Захваткиннiң миын ёңкi-тёңкi қылып жiбердi.

78965

4 томын оқу үшін шертіңіз!

3 205 қаралды