Бас бет » Романдары

Бегілдә АЛДАМЖАР. Қара нөсер

Сыр бойының сүлейлерi ұлы Балқы Базар, Қарасақал Ерiмбет, Оңғар жырау, Тұрмағамбет, Шораяқтың Омары, Кете Жүсiптердiң жыр-термелерiне, Шығыс дастандарына жастайынан қанығып өскен бiздiң ұрпаққа қарасөздi оқу деген онша үрдiс бола қоймайтын. Сол 1950-iншi жылдары оқыған кiтәбтарымның iшiнде есiмде қалғаны С.Мұқановтың “Өмiр мектебi” ғана. Сол кездерi жарық көрген, ауыл шаруашылығы, өндiрiс т.б. тақырыптарына арналып жазылған роман, повесть, әңгiмелер ешкiмдi де қызықтырмайтын. Тек 1958-iншi жылы Бейiмбет Майлиннiң бiр томдығы жарық көргеннен кейiн барып, бiздiң елде қарасөздi оқуға құмарлық басталды. Сол бiр томдықты сатып алған мен жетiлiк май шамды жағып қойып, етпеттей жатып ап, бiздiң үйге жиналған көршi-қолаңға Биағаңның әңгiмелерiн мәнерiне келтiре дауыстап, қаншама рет оқыдым, — бiлмеймiн. Бар бiлетiнiм — ол дүниялардың жұртшылықты жалықтырмайтыны едi.

dawd

Оқу үшін шертіңіз!

1 641 қаралды