Бас бет » 1960-70 жылдар, Дастандары

Дариға

(поэма)

Көк кесенi тастағандай төңкерiп,

кешкi аспан тұрды жердi көмкерiп.

Жүлгеленген жота-жота таулардай

бұлттар жатты қызғылт нұрға өртенiп.

 

Сыйлап жерге дүнияның бiр түнiн,

қызғылттанып жонындай нақ түлкiнiң,

шарадағы мөлдiр судай аспанға

қадай қалды алып Күн де кiрпiгiн.

 

Бойдағы отын ақ бұлттарға ұрлатып,

көк теңiзге бара жатыр Күн батып.

Кiшеншiлер келе жатыр ауылға,

жол үстiнде  “Беларусьты” зырлатып.

 

Жұрт кеуiлдi.

Ойын-күлкi жарасқан,

бiреулер бар тележкада алысқан.

Орнай қалды кiрпiгiне қыздардың

ұн секiлдi қара жолдың шаңы ұшқан.

 

Жеңгенi алған орамалын бүркенiп

сөйлетедi қайны жорта итерiп.

Сылтау етiп жолдың жаман екенiн,

кей жiгiт жүр…

аруларға сүйкенiп.

 

Қыраттарға жатқан бұлттай тiзiлiп,

Дариға отыр селқос қана сүзiлiп.

Көктi жапқан қанатындай аққудың

толқиды жәй ақ бұлттарға қызығып.

 

Төңiректен жарқыраған нұрды алып,

ұясына қонды құсша Күн барып.

Күнмен бiрге кiрдi қыз да бiр ойға,

кеудесiнде сезiм селi ырғалып.

 

Еске түсiп мектептегi көп арман,

Дариғашым отырды ойға оранған.

Өтiп жатты экрандай тiзiлiп,

балалығы жарқ етiп бiр жоғалған.

 

Алды есiне ол балалығын — көктемiн,

көп жыл бұрын әткеншектi тепкенiн.

Қуыршағы сөйлеспедi мұнымен,

бiлмей қалды қалайша ер жеткенiн.

 

Әкесi өлiп, солды жастық гүл ашқан,

күндер өттi бiр ғасырдай ұласқан.

Кәрi анаға қамқор болар кiмi бар,—

өмiрге ендi, қоштасты да кластан.

 

Теңемей ол өзiн майда жаңқаға,

еңбек еттi, салмай қолын қалтаға.

Қолын бұлғап қала бердi құрбылар,

қала бердi бiр қызық шақ партада.

 

Бiлiне ме әрбiр қадам басқаның,

тек ескерткiш қанша қырдан асқаның.

Арадағы зулап өткен екi жыл

шайдай ашты Дариғаның аспанын.

 

Алғашқыда жүрдi жас қыз жасқанып,

далада да түнедi шөп жастанып.

Трактордың рулiне отырды,

өзi оңдап, өзi қолмен басқарып.

 

Баяғыша қызық күндер ұласты,

еңбекпенен жас өмiрi гүл ашты.

Мұнда дағы құрбы тапты, дос тапты,

мұнда да ол көрдi өмiр — класты.

 

Ол қуанды, ненi сездi, ненi ұқты?

Сезiм селi жуды кеуде — көрiктi.

Бүгiл түсте клсаымен топ болып,

сол құрбылар көмек бере келiптi.

 

Қос көзiнде бiрақ мұның тұр күмән,

сонша назар аударады кiм бұған?

Ақты бетте нәзiк iзiн қалдырып,

пәк сезiмнiң мұңлы жасы сырғыған.

 

Ыстық жастар көкiрегiн жылытты,

айналаны, айдаланы ұмытты.

Үркек қана ақ тамшылар жатқандай

алаулатып сағыныш пен күдiктi.

 

Елер ме олар?

Толқитыны сол ғана.

Қос бұрымдай жатыр алда жол қара.

Өз өзiнен қысылады, бiлмейдi,

қуана ма,

ұяла ма, қорқа ма?

 

Кеуiлiне ойлар келдi не түрлi,

толқып iштей, әлденеге өкiндi.

Жатты алдында ирлеңедеп екi жол,

күдiгi мен қуанышы секiлдi.

 

*  *  *

 

Көкiрегiнде орнамады түтiн көп,

жас жүрегi соға бердi лүпiлдеп.

Кеше бiрге жүрген достар дәл биыл

мектептi орта

ойдағыдай бiтiрмек.

 

Бұл еңбекке оқушыдай жыр құмар

құлшынады алатындай сырлы нәр…

Мiне, болып қалды үш-төрт аптадай

көмек бере келгенге сол құрбылар.

 

Дариға алғаш назар сала қоймаған:

“Олар менi нағылсын?” — деп ойлаған.

Жолы қисық кеткендердi елей ме,

жастық шақта жабырқамай тойлаған?

 

Соның терiс екендiгiн ұғынды,

өз өзiнен ол ұялды, кiдiрдi.

Қайдан көрген, бiр кластас достары

“Дариғалап!” палаткадан жүгiрдi.

 

Қуанышқа жеткендей-ақ үш аттап,

күлкi толы ақсияды тiсi әппақ.

Ұл балалар сағынышпен қол қысып,

қыз балалар жатыр оны құшақтап.

 

Дариғаның ақ жанында сол сағат

бiр күш жатты бар күдiгiн пәршәлап.

Жауып кеткен әңгiмелер, сұрақтар,

достар, достар айналасын қоршалап.

 

Мектепте әлi оқиды бiз демесек,

барлығы да тарта қапты ересек.

Бүгiн бала ертең жiгiт болады,

жаңалыққа не еткен толы келешек!

 

Сан жылдардың кешiп өтiп құйынын,

ол қуанған тапқанына үйiрiн.

Анда-санда Төлегенге ұрланып,

сала бердi қара көздiң қиығын.

 

Сом тұлғалы, бұйра шашты, қыр мұрын,

отты көздер ашқандай ой түндiгiн

бiр қыраттың екi жағын бөлiсiп,

екi ғажап орнағандай нұрлы күн.

 

Қыз қарады әлденеге ынтығып…

…Аз-ақ жылда кетiптi ғой құлпырып!

Аңғара алсаң, көрiнбестен жатқандай

мөлдiр көздiң шарасында сыр тұнып.

 

Жауды сол кез құрбылардан сұрақтар,

ал кәнеки, барлығына сыр ақтар.

Бар көргенiн айта бердi Дариға,

кеудесiнде тасығандай бұлақтар.

 

Құшағына достық деген сыйды алып,

көкiрегiне қонақтады күй барып.

Шат-шадыман қуанышын ерткендей,

қонақ бол, деп жүрдi бәрiн үйге алып.

 

Аз уақыт өткен де жоқ арада,

екi өкпесiн жұлып берер балаға

қуаныштан аңқылдаған кәрi ана

самаурынды алып шықты далаға.

 

Баяншыдан ағылды әннiң кiлтi анық,

ойнай бердi бес саусағы зыр қағып.

Кiшкене үйге кеттi сыймай қуаныш,

мектепте айтқан кеуiлдi әндер шырқалып.

 

Сырып тастап жаннан қайғы балшығын,

Дариғашым ұқты өзiнше ән сырын.

Қосылды әнге оралғандай балалық,

тек сезбедi аққанын бiр тамшының.

 

*  *  *

 

Палатка iшi қап-қараңғы. Үн де өшкен.

Достар ұйықтап қалған дымды бiлместен.

Жатыр әлi ой түбiне жете алмай,

Төлегенiм көзiн бiр сәт iлместен.

 

Сұп-суық жер кiредi iшке ұрланып,

құшағына тұр палатка түндi алып.

Көрдi ол кенет жыртығынан шатырдың

жұлдыздарды тұрған көкте нұрланып.

 

Жан-жағынан ұрланғандай дем алып,

көз талғанша жатты соған қадалып.

Тұрды елестеп Дариғаның бейнесi,

бiр жоғалып,бiр көрiнiп, жаңарып.

 

Қан ойнаған томпақ беттi, жаз қабақ,

бiр кiшкене мең тұрғандай назды орап.

Екi көзi тушьтан дағы қап-қара,

дүнияға күлiмдейдi мәз қарап:

 

“Жақсы көрем, бiрақ неге, айта алман,—

күрмеледi ол жас баладай ай толған,—

Сүймен десем бiр сезiм бар жанымда,

сүйем деген пiкiрiме қайтарған.

 

Ол өзiне менi жақын санай ма?

Мүмкiн жақсы көрер, сүйер, алайда…

Бiр оқушы махаббат деп сөйлесе,

шаншудан зор апайларға, ағайға.

 

Неге олай? Бiзде сезiм жоқ па әлi?

Алдамшы ма махаббаттың оттары?

Менiңше, ол — ең асылы жаныңның,

дұрыс емес ағайлардың тоқтамы.

 

Неге бiрақ ұстаздардың өңiнде

жақпас сезiм ұялайды, тегiн бе?

Махаббатты ардақтаған адамдар

шын адасып жүргендер ме өмiрде?

 

Осы жерi анық емес маған дәл,

қалай жұртты ақыл, сезiм, сана алдар?

Егер болса ол өмiрге керексiз,

онда неге үйленедi адамдар?

 

Жас адамбыз қызғалдақтай көктеген,

жанымыз бар жамандығын төкпеген.

Тоғышарлық — кәдiрлемеу сезiмдi,

тоғышарлық — махаббатты жоқ деген…

 

Далада жүр бiр тентек жел сабылып,

бiрде ысқырып, бiрде жылай жалынып.

Дiр еттi де, тоңазыған денесi,

жатты ол аунап, одеялын жамылып.

 

Баурай бердi оны сезiм бiр игi,

сол бiр жаға ақ кеуiлi жылиды.

“Дариға!” — деп атын айтып сыбырлап,

сәл сескенiп, iштей ғана жымиды.

 

*  *  *

 

Сияқтанып құжынаған аралар

жұмыста жүр кеше келген балалар.

Өтiп кеттi тез арада үш-төрт күн,

айтшы, оған кiм тосқауыл бола алар?

 

Жол бойында кеуiлдi едi қыз жаны,

кенет оның жан дүниясы сыздады.

Өне бойын қалтыратып кеткендей

екi бетiн бояған күз ызғары.

 

Кеше түнде ол кешiрек жатқан-ды,

альбомдарын, кiтәптарын ақтарды.

Кiм қойғаны белгiсiз, бiр кiтаптан

төрт бүктелген жапырақтайхатты алды.

 

Кiмнiң хаты? Отырды оймен таласып,

iшкi сырын көрген де жоқ ол ашып.

Мүмкiн, мүмкiн өзгенiң жан сыры ма,

әлде қалай келген мұнда адасып?

 

Кiм әкелiп қойған сонда бұл хатты,

онда әйтеуiр бiр құпия сыр жатты.

Мүмкiн болар өзге жанға озбырлық,

бекiнген қыз ақтаруға жұмбақты.

 

Жылы сөздер тәттi әуенге бөлеген,

қорқыныштың оты кеттi денеден.

Дариғаға жайыпты бар ақ жанын,

хат авторы өзiмiздiң Төлеген.

 

Басын иiп қарсы алғандай көктемiн,

оқыды үнсiз өрнектi хат беттерiн.

Сырлы сөздер саусақ болып бiр шебер,

тербей бердi пәк жанының iшектерiн.

 

Оқып шықты хатты үш-төрт қайтара,

парақ бұған арман, ойын айтады, ә!

Жарасар ма Әбенiмен қоштасып,

ақ кеудесiн ашса оған айқара?

 

Аяқ асты пайда болып жұмбақ хат,

көз алдында жастың жаны тұрды әппақ.

Сонан берi орап алды толқын ой,

Дариғаның мөлдiр жанын құндақтап.

 

Әр сағаты өтiп жатты жылдарадй,

ауыр едi оймен өткен күн қандай!

Қысылады өз өзiнен ол кейде,

жұрт көзiнде — сахнада тұрғандай.

 

Ашылмады жанның сыры — гүл сыры,

ашылмады сезiмдердiң бүршiгi.

Пәк ойларын бұзып кеттi кенеттен

сарт-сұрт еткен тележканың дүрсiлi.

 

Көздерiнди бiр белгiсiз тұр күмән,

бұйырар ма асыл бақыт — жыр бұған?

Ақты бетте нәзiк iзiн қалдырып,

пәк сезiмнiң мұңлы жасы сырғыған.

 

Әбен бар ғой! Толқитыны сол ғана,

қос бұрымдай жатыр алда жол қара.

Өз өзiнен қысылады, бiлмейдi

қуана ма, ұяла ма, қорқа ма?

 

Кеуiлiне ойлар келдi не түрлi,

толқып iштей, әлденеге өкiндi.

Жатты алдында ирелеңдеп екi жол,

тағдырының қайғы, бағы секiлдi.

 

*  *  *

 

Шiркiн, үмiт, талайлардың арманын,

шад-шадыман болашақпен жалғадың.

Талайларды жолдасындай жұбатып,

талайларды азаптадың, алдадың.

 

Бiрi соның достым алға құмартқан,

қыз қалауы сияқты үлкен жүк артқан.

Тұрар кейде үмiттене қадалып,

бақыт iздеп келешектен мұнартқан.

 

Сонан берi өттi талай апталар,

оралмады жауабы бар хат-хабар.

Әлде хаты тимедi ме қолына,

кезi жеттi сырын қыздың ақтарар.

 

Жаймашуақ мiнезi жоқ көктемдей,

ақ жанына ойлар уын төккендей.

Әзiлқойлық, жiгерi мен қайратын

аңдаусызда бiреу алып кеткенддей.

 

Ол не еттi екен кеуiлiне — гүлiне,

осы ойменен толқи бердi ол күнiге.

Әлге дейiн қыз үйiнен шықпады,

“Сүйемiн” мен “сүймеймiннiң” бiрi де.

 

Қарсы келсе қуанышын тапқандай,

жымияды Дариға қыз ақ маңдай.

Кiрпiгiнiң көлеңкесi астында

әлде мұңлар, әлде сырлар жатқандай.

Кеудесiнде таң атқандай ағарып,

көп қарайды арман-қызға қадалып.

Елестейдi Дариғаның бейнесi

бiр жоғалып, бiр көрiнiп, жаңарып.

 

Қан ойнаған томпақ беттi, жаз қабақ,

бiр кiшкене мең тұрғандай назды орап.

Екi көзi тушьтан дағы қап-қара,

күлiмдейдi кеңдүнияға мәз қарап.

 

Күбiрлейдi ол  жас баладай ай толған:

“Жақсы көрем, бiрақ неге, айта алман,—

Сүймен десем бiр сезiм бар жанымда,

сүйем деген пiкiрiме қайтарған.

 

Ол өзiне менi жақын санай ма?

Мүмкiн жақсы көрер, сүйер, алайда…

Бiр оқушы махаббат деп сөйлесе,

шаншудан зор апайларға, ағайға.

 

Неге олай? Бiзде сезiм жоқ па әлi?

Алдамшы ма махаббаттың оттары?

Менiңше, ол — ең асылы жаныңның,

дұрыс емес ағайлардың тоқтамы.

 

Неге бiрақ ұстаздардың өңiнде

жақпас сезiм ұялайды, тегiн бе?

Махаббатты ардақтаған адамдар

шын адасып жүргендер ме өмiрде?

 

Осы жерi анық емес маған дәл,

қалай жұртты ақыл, сезiм, сана алдар?

Егер болса ол өмiрге керексiз,

онда неге үйленедi адамдар?

 

Жас адамбыз қызғалдақтай көктеген,

жанымыз бар жамандығын төкпеген.

Тоғышарлық — кәдiрлемеу сезiмдi,

тоғышарлық — махаббатты жоқ деген…-

 

”Махаббаттың азабын да, өртiн де,

көрiп, татып, толқи бердi ол күнде.

Минут сайын Дариғаның аңсайды,

бiр жалт еткен қарсын да, көркiн де.

 

Ашпас етiп ой қақпасын iлгендей,

қыз жүр әл өз жанынан сыр бермей.

Кеуiл-көктем тұра берсе жаз болып,

қалмақ емес махаббат бiр гүлденбей.

 

*  *  *

 

Бүгiн жiгiт терезеге тұр қарап,

бұлт жүр көкте түте-түте, ұлпа нақ.

Сол бұлттарды қондырғандай бөлмеге,

столдағы ашық жатқан бiр парақ.

 

“Төлеген, — деп Дариға сөз бастапты,—

ұсыныпсың жас жаныңды — жас бақты.

Жiбидi екен жылы сөзге, менiңше,

қанша қатал болса дағы тас қатты.

 

Жазғаныңды мұнан бұрын алған ем,

арманыңнан жанымда әсем қалды әлем.

Менң қолым соққылауға барамй тұр,

кеуiлiңдi суық сөзбен-балғамен.

 

Махаббат — ол жан тербеген отты өлең,

махаббат — гүл кеуiлдерде көктеген.

Махаббат — бiр ылайы жоқ мөлдiр көл,

кеудесiнен шөп-шаламдар өтпеген.

 

Адам онсыз бiледi нұр таппасын,

махаббатпен қағар бақыт қақпасын.

Махаббатқа құрметтеп зор иедi

өр көкiрек Алатау да ақ басын.

 

Махаббаттан өмiрде жан барша асқақ,

махаббатпен жазылады алғаш хат.

Кешiр, менi, армияда сағынған

Әбенiм бар ақ арманым жалғаспақ.

 

Қоштасарда айрылған-ды ол әрең,

соға пәк қып ақ жанымды орап ем.

Бiрге жүрсем Әбенменен өмiрде,

сенен гөрi бақыттырақ болар ем…”

 

Әрi оқымай бiрде үнсiз, бiр налып,

сол қағазды төртке бүктеп тұрды алып.

Кеудесiнде Күннiң бетiн бұлт жапты,

кеудеснде мекен тептi мұң барып.

 

Көк жүзiне көп қарады сүзiлiп,

қара бұлттар өтiп жатты тiзiлiп.

Қу томардай кеуiлсiз ол. Кеткендей

бақытының алтын шегi үзiлiп.

 

Толқи бердi көктi кеулi аралап,

“Бұ қалай? — деп жатты ой оны жаралап.—

Қандай адам үкiм айтар кеуiлге,

бар дүниясын болмайынша қарап ап?

 

Махаббат — кең бұл дүнияның шырағы,

махаббат — жас балғын көлдiң құрағы.

Iзгiлiгi қалмас едi өмiрдiң,

сүйгенiме болсам егер кiнәлi.

 

О Дариға, мкұң айтты деп сынама,

мен өкпелеп, батпақ емен күнәға.

Сен бақытты болсаң, мен де сондаймын,

мен жыласам, сен өмiрде жылама…”

 

Қайран қиял ой дегенге қана ма,

әр секунд мұң сепкендей жараға.

Ақ жанының дауылына шыдамай,

шығып кеттi ол шат өмiрге — далаға.

 

Көкте жүздi қара бұлттар қат-қабат,

қалыпты Ай да кең далаға жат қарап.

Кеуiлсiздiк атаулыны жиғандай,

тұр столды үстiнде әлi ақ парақ…

 

*  *  *

 

Дала баурын салқындатты күз лебi,

ызыңдаған қурай әнiн үзбедi.

Алып бара жатқандай көл сәулетiн

тырулаған тырналардың тiзбегi.

 

Қаздар назын жырлап бара жатқандай,

жарқын жазды ұрлап бара жатқандай.

Көлдерiне-курортына қош бол деп,

қос қанатын бұлғап бара жатқандай.

 

Ерке құстар тоқтар ма деп жолынан,

көп қарады Дариғашым соңынан.

Ақ кеуiлi тартты сәл-пәл жабырқау,

қуанышын ұшырғандай қолынан.

 

Қыс белгiсi — құстың кетiп жатқаны,

көз алдына келдi қаңтар ақ қары.

Жалт қаратты кенет оны артына,

әлдекiмнiң иығынан қаққаны.

 

— Өзiң осы, — дедi күлiп бригадир,—

ғашық жандар жиналғандай мұнда кiл.

Тасу керек шөптi тездеп… Жiгiттер

жалқау екен, шеттерiнен құрмағыр.

 

— Неге? — дедi Дариға оны жақтырмай,—

айтпа сөздi құлақтарға жат мұндай.

Шамамызша тасып шөптi жатырмыз,

бiр бау шөптi бөтен жаққа лақтырмай.

 

— Өй, қайдағы! — Қолын бiр-ақ сiлтедi, —

жұмысыңның толыпжатыр мың кемi.

Саған ғашық жiгiттер құр жырқылдап…

бар жұмысты өндiрместен тұр тегi.

 

Ендi тездет… — Түйдi ол қатты қабағын,

қатал ашу торлап алды жанарын. —

Аман болсаң, жiгiт деген табылар,

жұмысыңды әлсiретпе, қарағым.

 

Дариға оған не дерiн еш бiлмедi,

әдетi оның осылай деу күндегi.

Кие салып күпәйкесiн үстiне,

дайындалды шөп басына жүргелi.

 

Бар ашуын сосын iштей қалды iркiп,

үндеместен ыза жасын алды iркiп.

…От алдырды тракторды келдi де,

тиыш тұрған  Сырдың бойын жаңғыртып.

 

Өртегендей жанындағы қоқымды,

тұла бойын алаулаған от ұрды.

Ызаланып кейбiреуге iшiнен,

қыз ашулы кабинада отырды…

 

*  *  *

 

Құстар кеттi. Ауа райы өзгердi,

жылайтын да, қуанар да кез келдi.

Тек сезедi Дариғашым сыртынан,

қадалатын екi қара көздердi.

 

Сол көздердiң қадалғанын түсiнiп,

өз өзiнен жүредi ылғи қысылып.

“Сүймен”, — дейдi, қуаттайды бұл сөзiн,

сезiмдердiң жалынында пiсiрiп.

 

Жатысымен төсегiне ол барып,

терең-терең батады ойға толғанып.

Тәттi арманның мөлдiреген көлiнен

сiмiредi, алайын, деп, мол қанып.

 

Қуанышты тұр ма күтiп алда күн,

ол iтлейдi бақытының жанғанын.

Көзi ұйқыға тiреледi белгiсiз,

құшағына алып асыл арманын.

 

Аңсарына қалды ма екен бiр қадам,

әлде дауыл тұр ма күтiп бұрқаған?

(ол аңқылдақ, жайдары әлде шырт адам?)

Көз тiгедi өмiрiне елеңдеп,

кездесердей Әбенi бiр қырқадан…

 

Бұрынғыдан Дариға күрт өзгердi,

елемедi олқадалған қос көздердi.

Бүгiн болмай жолықпасам дегенi,

Төлегенмен жұмыс жайлы кез келдi.

 

Неге келдi? Дариға оны жаңа ұқты,

шөпшiлердiң бiрi келемй қалыпты.

Бригадир жiгiттер аз болғандай,

орнына оның Төлегендi алыпты.

 

Елестетер тұлғасы нән қайыңды,

елеместей суығыңды, ол жайыңды.

Бұрқыратып көк пiшендi шашудай,

оңды-солды ол сiлтеп жатыр айырды.

 

Шашылғанын желге ұшырмай жиырып,

бiр атады шөмеленi үйiрiп.

Екi бала үлгере алмай жөндеуге,

тележқаның үстi қалды үйiлiп.

 

— Болсаңдаршы!

— Жұрттан қалып қоймалық.

— Шаршадың ба күнi-түнт қой бағып?

— Түнiменен осы ұйқы көрмеген,

сүйгенiне өлең жолын ойланып.

 

— Масайраған сендердiкi не қызық?

— Ха-ха-ха-ха! — кеттi осы сөз дегiзiп.

Сол күлкiнi қуып ала жөнелдi,

шыққан бойды ауыздардан жел үзiп.

 

— Күлкi, күлкi… осы әдет немене?

Күле берсек, жұмыс деген өне ме? —

дедi де, алып қайың сапты айырын,

Төлегеннiң өзi шықты төбеге.

 

Үсiтер деп аяз ащы бетiмдi,

Дариға қыз кабинада отырды.

Екi жағы қызарыпты алмадай,

қызыл гүлдi жапырағы секiлдi.

 

Ойға шомды ол рульге сүйенiп,

жан дүниесiн билей бердi күй енiп.

Отырғанда ол өз қиялын қызықтап,

тележка да болған екен тиелiп.

 

Шөпшi бала… не дегенiн бiлмедi,

хқолын сiлтеп, алға қарай жүр, дедi.

Ақыл-ойдың әмiрiне бағынып,

тракторы кеттi жылжып iлгерi.

 

Қарап артқа, елеместен тоңғанын,

бiле алмады ол сол кез ненiң болғанын.

Әлгi бала бiрдеме деп айқайлап,

Дариғаға жатты сiлтеп қолдарын.

 

Аяқ асты неге айналды күй кенет,

бәрi жатыр тележкаға үймелеп.

Трактордан түстi де, қыз жүгiрдi,

жетiп келдi қалып топқа кимелеп.

 

— Не болды?

— Т…с…с! Дариға, ет сәл тағат,

ойда-жоқта қалдық бинет арқалап.

Қозғалғанда… абайсызда… Төлеген

құлап түстi тележкадан шалқалап.

 

Тұрып қалды ол суық сөзге бөленген,

сезiм туды қалтырата жөнелген.

Екi досы Төлегендi көтердi…

Сұлқ жатыр. Қабағы сәл көгерген.

 

Сезбедi қыз көзден аққан жасты да,

тек түспептi ол тележканың астына.

Бiр адамды iздегендей Төлеген

қайта жұмды, көзiн жәйлап ашты да.

 

Қыз күбiрлей бердi iшiнен көргесiн,

онан басқа айта қойсын ол несiн?

“Жақсы едi-ау… ақ жанының лаулаған

шамшырағы… жан шырағы сөнбесiн”.

 

Өмiр, өмiр талай дәмдi татқызды,

мына жағдай толғандырды пәк қызды.

Төлегендi көтермелеп шөпшiлер,

жайлы етiп, шөп үстiне жатқызды.

 

Сабыр керек! Сабырсыз iс бүлiнбек.

Жолға түстi “Беларусь” та дүрiлдеп.

Бағанағы айтқан сөзiн iшiнен,

айта бердi қыз жол бойы күбiрлеп…

 

*  *  *

 

Арада мұң арқалаған күн өттi,

Дариғаны азаптады, жүдеттi.

Оңашада сорғалады мөлдiр жас,

айтты iшiнен не бiр жақсы тiлектi.

 

Қара көзге мұң жастары оралды,

ойлар ащы кеудеде орнын мол алды.

Жыл құсындай кеткен қырдан жазды  алып,

қызғылығы жарқ еттi де, жоғалды.

 

Сын түскенде қайратына-бүркiтке,

ол ұрынды өмiрдегi күртiкке.

Жараса ма жайсаң жаны езiлiп,

тамшылардың тiзiлгенi кiрпiкке?

 

Көзiнде оның оттар ойнап түнердi,

бiр керемет жойғандай бар жiгердi.

Күз қызығын қондырған кең далаға

терезеден Дариға көз жiбердi.

 

Қырау жатыр ақ алтындай жарқылдап,

ақ қайыңның тұр бұтағы қалтылдап.

Ұмытпаңдар, қыс келедi дегендей,

ұшып өттi ала қарға қарқылдап.

 

Селк еттi қыз сол дауыстан шошынып,

аяр ма едi мұның жанын дос ұғып?

Сол сәт ұшып кеткендей пәк жанынан

қуанышы ақ қарғаға қосылып.

 

Дариғаны жақтырмайды кей досы…

Күрсiндi ауыр тарылғанадй жейдесi.

Көз алдында сиқырлы бiр армандай

елестедi Төлегеннiң бейнесi.

 

Көп аяды осы өспiрiм жiгiттi,

құлағаннан бiр буыны шығыпты.,

Тақыр жерге түскен бе әлде, әйтеуiр,

оң жағынан қос қабырға сыныпты.

 

Осы жайдың таусылмады iс, сауалы,

“Неге жүрдiң?” — деген сөздер жауады.

Төлегенннiң ағайы жүр сот қуып,

бiтпей жатыр айқайы көп дау әлi.

 

Жағдай қиын, ендi қандай бар амал?

Бұрынғы шақ қай уақытта оралар?

Қыз бетiнде нәзiк iзiн қалдырып,

мөлдiр жасты сүрте бердi орамал…

 

*  *  *

 

Аурухана. Күн де шықты бүгiнгi,

қызғылт сәуле бөлме iшiнде жүгiрдi.

Таңертеңнен келетiндей бiр қонақ,

Төлегенiм терезеге үңiлдi.

 

Дiңiне оның шуақ керек, от керек,

сыртта тұрды бетi үсiген көк терек.

Төлегеннiң түстi есiне дәл кеше

ағасымен қалысқаны өкпелеп.

 

Сыйласа да ағасын-көк терегiн,

қоштамады сотқа берем дегенiн,

Сонан берi толқуда ол, дариға,

осындайда оралады неге мұң?

 

Үнсiз дедi ол: “Әлi гүлдей жайқалам,

көнем өмiр толқынына шайқаған.

Сенемiн мен, оның сүттен жаны ақ,

соттатпаймын! Мұны әрқашан айта алам!”

 

Ойлап кенет Дариғаны сызданды,

әлде жаны түсiнбей ме қыздарды?

Сол мезетте бөлме есiгi әндетiп,

ашылды да, ендiрдi мол ызғарды.

 

Жалт қараған Төлегеннiң жанында ақ

оқыс сезiм лаулай бердi жалындап.

Қыс сыйлығын екi бетi көрсетiп,

Дариға ендi бөлмеге жәй адымдап.

 

Неге келдi? Ойы мың-сан құбылды,

Екi отты көз қыз бойында жүгiрдi.

Енген ызғар бөлмеде тез жылынса,

кеуiлi де сондай жылдам жылынды.

 

Ақ жанында бiр сезiмдi қоздырып,

тұр алдында екi қара көз күлiп!

Қуанышын қыздың суық қолына,

жiгiт жатты ыстық қолдан сездiрiп.

 

Тұйық тұрды, сырын iшке сақтай ма?

Қыз мұңлы едi, кеуiлденер шақ қайда?

Жымиғанда екi албырт бетiнди

пайда болды жас толқындар мап-майда.

 

— Төлеген, — деп сөз бастады ол күрсiнiп,—

адамдарды айырады тiршiлiк.

Талқан болар әлсiз достық, махаббат,

талай солар, талай рет гүл шығып.

 

Бар оғй бiздiң өмiрiмз жас қана,

сол кезеңде соқтық тауға. тасқа да.

Махаббатты айта бiлдiң орынды,

бiрақ менiң арман, ойым басқада.

 

Абайсызда болған мынау жәйiттi

жұрт, қастандық iстедi, деп жайыпты.

Көтере алам азамат боп мойныммен,

ел алдында болсам егер айыпты.

 

Жайғаныңмен ақ жаныңды жас қана,

менiң ойым, бар арманым басқада.

Өзiң айтшы,

болар ма шын махаббат,

сезiмдердi сатып алсаң ақшаға?..

 

Әлде бақыт, әлде ащы ой кернеген,

жас сезiмдер жан дүниясын тербеген,

кеудесiнен сөздер шықты достымның,

қанат қаққан сырлы әуендей пернеден:

 

— Кешiр, есте сол кездердi қалдырып,

сен кетерсiң көкiрегiмдi жандырып.

Бiрақ болман бақытыңа тосқауыл,

тiлегiм сол, бақытты бол мәңгiлiк…

 

Қайта жанды достық оты сөнбеген,

кеуделерге толды сезiм,толды өлең.

Дариғашым нәзiк қана қоштасып,

қуанышты ала шықты бөлмеден.

 

Оның жанын сезiнгендей бүгiнгi,

қызғылт сәуле бөлме iшiнде жүгiрдi.

Қыздың нәзiк тұлғасына қызығып,

терезеге жiгiт ұзқ үңiлдi.

 

Қарады,әне, ол аялайды-ау жел бетiн,

қарсы алдынан тұр ма күтiп әлдекiм?

Қоштасса да, ақ дидары сол қыздың

бөлме iшiне тастап кеттi әрлi отын.

 

Төлегенiм жәй күбiрлеп:  —Қош, — дедi, —

екеумiзге бақыт гүлi өспедi.

Сенде кеттi махаббаттың бiр шоғы,

мүмкiн емес сол бiр шоқтың өшпегi.

 

Қош бол, оты жаутаңдаған көзiңнiң,

махаббатты жаңа ғана сезiндiм:

Махаббат — кiр шалмаған бiр орамал,

ол дүниясы сырлы, нәзiк сезiмнiң.

 

Жан болармын мен де өмiрде ысылған,

жар табармын қатарымнан, тұсымнан.

Сұлу болмас берген оған сезiмiм,

сезiмiмдей алғаш саған ұсынған.

 

Қош бол, жаным! Саған сырды ақтардым,

Кешiр арман, мұңын жазған хаттардың.

Жылдар өтер, бiрақ мәңгi жоғалтпай,

махаббатты көкiрегiмде сақтармын…”

 

1961 жыл, май —июнь, 8 класс

 

948 қаралды